Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты 70 АЕК (қайта жасалған жағдайда 200 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Сонымен қатар министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдады. Instagram желісінде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастырудың 10-нан астам фактісі бойынша хаттамалар дайындалып жатыр.
Министрлік құқық қорғау органдарымен бірлесіп Интернетте лотереяны заңсыз ұйымдастырушылардың қызметін тоқтату жөніндегі жұмысты жалғастырады.