⛅
18°C
Қонаев
Жұма, Қазан 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жеңіл атлетикадан жарыс өтті

    29.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жеңіл атлетикадан жарыс өтті
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Облыс орталығында  Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Бірлік жарысы» атты жеңіл атлетикадан сайыс өтті. Шараның мақсаты – ұлттар арасындағы достық пен бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру. Жас ерекшелігіне қарай қатысушылар төрт санатқа бөлінді. 14-17, 18-35 , 36-55 жас аралығында және 56 жастан жоғары азаматтар да өз бақтарын сынап көрді. Жүгіру басталмай тұрып қатысушылар бұлшық еттерін қыздыру үшін жеңіл дене шынықтыру жаттығуларын жасады.
    – Жарысқа 14 пен 70 жас аралығындағы облыс тұрғындары, Ассамблея мүшелері және мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Бұндай шараларды өткізу – дені сау, салауатты ұлт қалыптастырудың кепілі. Болашақта да бұл тоқтап қалмай, жалғасын табады деген сенімдемін, – деді дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары  Рахман Қуанышұлы.

    Жарыс қорытындысында Еңбекшіқазақ ауданынындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жеңімпаз атанды. Ал олардың бапкері – алпыс жыл өмірін спортқа арнаған, КСРО спорт шебері Алпыс Ермағамбетов.
    – Сайыс жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға көп рақмет. Шәкірттерімнің топтың алды болып, оза шапқанына қуаныштымын. Қазіргі таңда өзім спорт мектебінде балаларды жаттықтырып жатырмын. Негізгі мақсатым – еліміздің намысын қорғайтын чемпиондарды дайындау,  Көк байрағымызды әлемдік додаларда көкке көтеру. Бұл сайысқа шәкірттемді алып келуімнің басты себебі де сол, – деді Алпыс Ермағамбетов.
    Шарада жеңіске жеткен Арлан Айдын да жылы лебізін білдірді.
    – Қазақстан – көптеген ұлт өкіліне құшағын кең ашқан бауырмал ел. Бұндай жарыстарды ұйымдастыру бір шаңырақ астындағы көпұлтты еліміздің ауызбіршілігін нығайтады әрі денсаулығымызға да пайдалы. Мен Қазақстанның барша әлемге үлгі болғанын қалаймын. Еліміздің берекесі мен бірілігі арта берсін, – деді жеңімпаз.

    Шара кезінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталды және кәсіби төрешілік әділ бағаларын берді. Барлық жеңімпаздар медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    Ешбір өтініш аяқсыз қалмайды

    Ешбір өтініш аяқсыз қалмайды

    2 years ago
    Ауылдық округ әкімдері сайланды

    Ауылдық округ әкімдері сайланды

    2 years ago
    Сәтбаевтан сыйға қалған

    Сәтбаевтан сыйға қалған

    3 weeks ago
    Елімді көркейтуге атсалысамын

    Елімді көркейтуге атсалысамын

    1 year ago
    «Жайлы мектеп» жайы алаңдатады

    Санаққа дайындық  жайы пысықталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>