-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Әлеуметтік нысандар жұмысы басты назарда

    25.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Денсаулық, Инфрақұрылым, Өңір тынысы
    Әлеуметтік нысандар жұмысы басты назарда
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Шеңгелді ауылдық округіне қарасты елдімекендерге барып қайтты.

    Бұл жолы басымдық әлеуметтік нысандарға берілді. Алдымен әкім Сарыбұлақ пен Кербұлақ ауылдарында орналасқан блок-модульды кешеннің жұмысымен танысты. Медицина қызметкерлері аталған нысандарды электр қуатымен жылыту жеткіліксіз екенін айтып, шағымданды. Сондықтан әкім ауыл әкімі мен аурухана директорына қатты немесе дизель отынымен жылыту мәселесін қарастыруды тапсырды. Ал Шеңгелдідегі амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан шаһар басшысы нысанды уақытынан кешіктірмей қолданысқа беруді тапсырды.

    Сонымен қатар ол ауылдардағы спорт және демалу, тынығу алаңдарының тозып тұрғанына да назар аударды.

    «Бұрын осы алаңдарды салған мердігер компанияның кепілдік мерзіміне сәйкес, ағымдағы жөндеу жасалуы тиіс. Спортсүйер жастарға жағдай жасап беруіміз керек. Сұранысты қамтамасыз ету – маңызды», – деді Асхат Бердіханов.

    Ал Ақөзектегі мектептің қабырғасы жарылып кетуіне байланысты әкім ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге қажетті құжаттарды дайындауды тапсырды. Шаһар басшысы Кербұлақ, Сарыбұлақ, Ақөзек пен Шеңгелдідегі мектеп асханаларын да тексеріп шықты, мәзірдегі тағамнан ауыз тиді.

    «Жалпы жаман емес. Алайда, балалардың қауіпсіздігі, дұрыс тамақтануы әрдайым естеріңізде жүргені жөн. Санитарлық талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарыңызды түгендеп, тамақтың сапасын күнделікті бақылауда ұстаңыздар», – деді әкім.

    Аталғандардан басқа, Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Мақсат Жазиев Асхат Бердіхановқа шаруалардың түйткілі, Ақөзектегі селден қорғайтын екі көпірді күрделі жөндеуден өткізу туралы мәселені жеткізді. Шаһар басшысы болса, барлық көкейкесті сұрақтарға арналған ауқымды жиын ұйымдастырылып, талқыланып, шешім шығарылатынын айтты.

    Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    ЖАСТАРҒА ЖАҢА ЖОЛ

    ЖАСТАРҒА ЖАҢА ЖОЛ

    1 month ago
    Емдеу кешенін салуға ниетті

    Емдеу кешенін салуға ниетті

    1 month ago
    Тарихқа тағзым

    Тарихқа тағзым

    1 month ago
    Елдіктің белгісі биікте болсын

    Елдіктің белгісі биікте болсын

    12 months ago
    “Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім”

    “Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім”

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>