-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 35 үйдің ауласына су кірген

    09.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Төтенше жағдай
    Жамбыл ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары жасалып жатыр
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Алматы облысында жауын-шашынның көп түсуінен 35 үйдің ауласына су кірді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

    «Алматы облысында су тасқыны жағдайы тұрақты, елді мекендер мен жолдарды және басқа нысандарды су басу жағдайы болған жоқ. Өзен арналары тұрақты режимде жүріп жатыр. Жауын-шашынның көптігіне байланысты Алматы облысында жалпы көктемгі су тасу кезінде тек қана 35 үйдің ауласына су кірді. Бірақ жұмыстар дер кезінде жүргізіліп, суды тұрғын үйлер ауласынан шығардық», – деді Нұржан Құдайбергенов баспасөз мәслихатында.

    Жалпы, Алматы облысында 310 гидротехникалық құрылыс, атап айтқанда, «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» сияқты су қоймалары бар. Бүгінде су толтыру режимдері штатты түрде жүргізілуде. Толтыру көрсеткіштері 44 пайыздан 99 пайызға дейін жетеді. Барлығы бақылауда.

    «2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі өткен жылғы комиссия отырысында талқыланған болатын. Жұмыстар дер кезінде атқарылып, биыл су тасқыны кезеңінде ешқандай оқыс оқиға болған жоқ. Тек қана Алматы облысы бойынша Іле ауданында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жедел облыстық штаб жиналысы өтіп, қауіптің алдын алып, су қоймасы маңындағы ауылдардан су шығару жұмыстары толығымен атқарылды. Әскери бөлімдер, ауыл тұрғындары және еріктілер уақытылы жұмыс істеп, жағалауды бекітуінің арқасында бірде-бір үйге су кірген жоқ», – деді Нұржан Құдайбергенов.

    Спикердің айтуынша, жыл басынан көктемге дейін елді мекендерден 3,7 мың текше метр қар шығарылды. Одан бөлек, автожолдар астындағы 157 су өткізу құбыры, темір жолдар астындағы 7 құбыр, 347 шақырым арық желісі, 156,9 шақырым арна және 82,1 шақырым су бұру каналдары тазартылған.

    «Биылғы жылға облыс әкімдігінің резервінде 2 млрд 16 млн теңге қарастырылған. Аумақтық ТЖ департаментіне алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін 110,6 млн теңге бөлінген. Су тасқыны күшейген жағдайда 1326 адам, 471 техника, 126 мотопомпа, 29 жүзу құралдары, 35 460 қапшық қарастырылған облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдар топтамасы дайын. Сонымен қатар, облыста су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету үшін «Күшіміз – бірлікте» еріктілер штабы құрылды. Бүгінде Батыс Қазақстан облысына 130 тонна гумманитарлық көмек жинақталып, жөнелтілді. Көмектің басым бөлігі – күнделікті тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, сондай-ақ тұрмыстық техника», – деді әкім орынбасары.

    Ұсынымдар

    Ана мен баланы қолдау – әлеуметтік мемлекеттің басты қағидасы

    Ана мен баланы қолдау – әлеуметтік мемлекеттің басты қағидасы

    2 years ago
    Байланыс аясынан тыс жерде…

    Байланыс аясынан тыс жерде…

    2 years ago
    Тігіншілік – үлкен өнер

    Тігіншілік – үлкен өнер

    6 months ago
    Кәсіпкер Виталий Гринченко Алматы облыстық мәслихатының депутаты атанды

    Кәсіпкер Виталий Гринченко Алматы облыстық мәслихатының депутаты атанды

    8 months ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Облыс әкімі сингапурлық компания өкілдерін қабылдады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.