-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бүкіл ел қостаған бастама

    29.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Өңір тынысы, Экология
    Бүкіл ел қостаған бастама
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында Алматы облысының аудандарында жаппай ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Талғар ауданындағы Қайнар ауылдық округіне қарасты Жаңалық ауылында орналасқан «Қуғын-сүргін құрбандары» музейі жанындағы саябақта өткен сенбілікке Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, оның орынбасарлары, басқарма басшылары түгелге жуық келді.

    Талғарлықтарды аудан әкімі Таңат Айдарбеков бастап барды. Аймақ басшысы сенбіліктің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, осынау киелі мекен маңына жиналған қарақұрым халықты ізгі іс-шара, игі ниеттерімен құттықтады.
    – Бүгін біз Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығына қатысып отырмыз. Бұл – үлкен, жақсы мереке. Өйткені бүгін қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш пен музей жанында ағаш отырғызатын боламыз. Алда қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні келе жатыр, оны да бөлек атап өтеміз. Алматы облысында 105 этностың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бүгінгі шараға міне үлкен де бар, кіші де бар – біраз адамдар ұлттық киімдерін киіп келіпті. Мұның маңыздылығы сол, ол тек ағаш отырғызу ғана емес, ауызбіршілігімізді айқындайтын, бірлігімізді көрсететін мереке деп түсінуіміз керек. Оның үстіне ағаш отырғызу біздің ұлттық дәстүрімізді де дәріптейді және келешек ұрпақ үшін тәрбиелік мәні өте зор. Сол себепті де Мемлекет басшысы айтқандай, бұл бастаманы бір күндік не бір айлық емес, мұны қалыптасқан тұрақты дәстүрге айналдыруға тырысуымыз керек. Осындай іс-шаралар бүкіл елімізге құт-береке әкелсін. Ауызбіршілігіміз арта берсін, бірлігіміз мәңгілік болсын, – деді Марат Елеусізұлы.

    Ал Алматы облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Гамзе Гейдаров, осынау тамаша бастаманы қолдап, шараға қатысуға келген жұртшылыққа Ассамлея атынан ризашылығын білдірді. – Біз бұл бастаманы алғашқы күннен үлкен қуанышпен қолдадық. Барлық өңірлерде жұмыстар жүріп жатыр. Еліміздегі барлық этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Шетелдерге шыққанда, қайдансыздар, – деп сұрағандарға «Біз – Қазақстаннанбыз!» деп мақтанышпен айтамыз. Себебі, бұл біздің ортақ үйіміз! Бүгін біразымыз отбасыларымызбен балаларымызды да ертіп келдік. Оларды кішкентай кезінен еңбекке, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеуміз керек, – деді ол.
    Әрі қарай аймақ басшысы бастап, сенбілікке келген аудан басшылығы, қоғам белсенділері, ардагер ақсақалдар, этно-мәдени орталықтар мен әртүрлі мекемелердің өкілдері, студент жастар, жалпы шараға келген 600-ден аса адам қостап, саябақ аумағында 10 түп шырша, 500 түп қайың және балқарағай, бүрлі ағаш, терек, барлығы 1500 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Қол күшінен бөлек, бұл жұмыстарға 1 экскаватор мен 2 су машинасы жұмылдырылды.

    Шара барысында БАҚ өкілдерінің өтініші бойынша оның мәні мен мақсаты жайында қысқаша түсінік берген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев акция басталғалы үшінші апта өтіп жатқанын, сондай-ақ жуырда ғана Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы өткенін, аймақ тұрғындары, барлық этно-мәдени орталықтардың өкілдері Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы және ҚХА сессиясында айтқан сөздері мен тапсырмаларын қызу қолдап жатқанын жеткізді.
    – Бірнеше күн бұрын Алматы облысының 340 мың оқушысы бір мезетте өз ағаштарын өсіруге ниет етіп, тұқымдарын салды. Олар 100-120 жыл өсетін ағаштар. Енді сол оқушылар өз ағаштарын күтіп-баптайтын болады. Бүгін, міне, үлкендер жиналып, ел болып ағаш отырғызып жатырмыз. Ондағы мақсат тек экологиялық мәселелерді шешу емес, оның идеологиялық маңызы да өте үлкен. Өйткені бұл – ұлттық дәстүрді дәріптейтін, келешек ұрпаққа өнегелі тәрбие болатын, Қазақстанымызды таза сақтауға зор ықпал ететін бастама деп ойлаймын, – деді аймақ басшысы.
    Сондай-ақ ол ақсақалдармен бірге қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жанында нәубетке ұшыраған Алаш арыстарының рухына құран бағыштады. «Өлі жебемей, тірі байыз таппайды» дейді дана халқымыз, ләйім тілеген дұға-тілектер қабыл болып, халқымыздың ниеті, еліміздің келбеті де жаңарып, келешегіміз жарқын болғай! Бүкіл ел қостаған бастама қалыпты да тұрақты дәстүрге айналғай!

    Құтмағамбет Қонысбай,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Мергендер түсті жарысқа

    Мергендер түсті жарысқа

    8 months ago
    Студенттерге кеңес берілді

    Студенттерге кеңес берілді

    3 months ago
    Ағайын құшақ ашқан күн

    Ағайын құшақ ашқан күн

    2 years ago
    Ел болашағы үшін маңызды шешім

    Ел болашағы үшін маңызды шешім

    8 months ago
    Әдемі ойын өрнегі

    Әдемі ойын өрнегі

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.