-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Халқымыз ауызбіршілігін дәлелдеді

    07.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Партия, Төтенше жағдай
    Халқымыз ауызбіршілігін дәлелдеді
    0
    SHARES
    58
    VIEWS

    Еліміздің он облысында болған су тасқыны барша халықты алаңдатып отыр. Мемлекет басшысы су тасқынынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады. Су басқан облыстарда төтенше жағдай жарияланып, Үкіметке нақты тапсырма беріліп, республикалық штаб құрылып, қажетті көмектер көрсетілуде. Мемлекет басшысының жан-жақты қолға алынып жатқан жұмыстардың барлығы тікелей өз бақылауында екенін айтқаны зардап шеккен тұрғындардың көңіліне демеу болды.
    Әрине, мұндай ел басына күн туған шақта бірлікте болуымыз қажет. Қиын-қыстау сәтте күш біріктіріп, сын сағатта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың маңызын жете түсінген текті халықтың бүгінгі ұрпағы ауызбіршілігін тағы бір мәрте дәлелдей алды. Береке мен бірлік бар жерде алынбайтын қамал болмайтынына көз жеткізді. Баспанасы, дүние-мүлкі, қора-қопсы мен малы да су астында қалып, қиындыққа душар болған тұрғындарға алыстағы ағайынның дархан пейілі күш-қуат беріп, басқа түскен сынаққа төтеп беруге септігін тигізуде десек, артық айтқандық болмас. Апат болған өңірлерге еліміздің барлық аймағынан қажетті жабдықтар, азық-түлік пен басқа да қажетті заттар жөнелтілуде. Бұл игі іске Алматы облысының халқы да өз үлесін қосуда. «Respublica» партиясы Алматы облыстық және Алматы қалалық филиалдарының ұйытқы болуымен партия жақтастары, депутаттар, кәсіпкерлер мен қайырымды жандардың қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен аймаққа бір жүк көлігіне тиелген жүк жіберілді. Қасиетті Рамазан айында сауапты амал жасап, қайырымдылық жасаған партиластар мен барша жомарт жандарға шексіз алғысымды білдіремін.
    Су басқан аймақтардағы қазіргі жағдай мен апаттың зардабын жою мақсатында істеліп жатқан жұмыстардың бәрі ақпарат құралдарында айтылып, көрсетіліп жатыр. Осы орайда Мемлекет басшысы жұртты дүрбелеңге салатын ақпарат таратпауға шақырып, тек ресми, расталған мәліметке назар аударуға шақырды. Әлеуметтік желілерде әртүрлі әңгімелер айтылып қалуда. Осындай кезде Қазақстанды Отаны санайтын әрбір азамат ел арасына іріткі салмай, отқа май құймай, біреудің қайғы-мұңын өз мақсатына пайдаланбауы керек. Ақпарат таратуға да қатысты осы жайтқа баса назар аударылу қажет. Осындай сындарлы сәтте бір-бірімізді сынап емес, керісінше, қолдау көрсетіп, тығырықтан шығатын жолды бірігіп тапқанымыз жөн емес пе?! Қиын-қыстауды бастан өткеріп жатқан ағайынға сабыр тілеймін. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, елдің амандығы жолында жұрт болып жұмылып, күш-жігерімізді біріктірсек, бұл қиындықты да еңсереміз.

    Бақтияр ҚАБАСОВ,
    «Respublica» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 5 млн бастан артық мал егілді

    Алматы облысында 5 млн бастан артық мал егілді

    2 years ago
    Қоғам ұйытқысы

    Қоғам ұйытқысы

    4 months ago
    Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды

    Жұмысшы мамандықтар – Алматы облысының дамуы мен өркендеуінің негізі

    4 months ago
    Балық аулағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек – ТЖД

    Алматы облысында балық шаруашылығын дамытуға 5 ірі жоба іске асырылуда

    6 months ago
    Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

    Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>