-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Мал шығынының себебі анықталды

    12.04.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Мал шығынының себебі анықталды

    Фото: tengrinews.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылдық округіне қарасты аумақта орналасқан №8 мал қыстату алаңы маңындағы су тоспасының жарылуынан 91 бас мүйізді ірі қара суға батып кетті деп дабыл қағылған еді. Оқиға орнына арнайы комиссия барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

    Жамбыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, аталған мал қора-жайы С.Алтынбаеваның шаруа қожалығына тиесілі. Мыңбаев ауылдық округінің әкімі Темірлан Түлебеков және аудандық ветеринарлық қадағалау инспекциясы, ауыл шаруашылығы, жерге орналастыру, су шаруашылығы, төтенше жағдайлар сияқты салалық бөлімдер, мекеме басшылары мен қызметкерлері сонда барып, анықтау жұмыстарын жүргізді. Алайда тексеру нәтижесі бойынша, малдар су тасқынынан өлді деген ақпараттың шындыққа мүлде жанаспайтыны белгілі болды. Мал иесінің шағымында айтылған 91 бас ірі қараның суға ағып кетуі расталмады. Яғни, көрсетілген малдар су тоспасының жарылуынан емес, басқа себептен өлген болып шықты. Өйткені мал иесінің көрсеткен жерінде су жиналу және бөгет жарылу фактісі анықталмады. Ондағы су жағалаудан аспаған, қалыпты деңгейінде ағып жатыр.

    Комиссия мүшелері шаруашылықтың қора-жайын, мал азығының қорын білгенде, ірі қаралардың жем-шөптің тапшылығынан көтерем болып өлгені дәлелденді. Себебі мұнда малға қажетті жем-шөп мүлде жоқ екенін, ал қораның ішінде 40-тан астам сиырдың өлексесі жайрап жатқанын өз көзімен көрді. Өрісте орнынан тұра алмай өлген сиырлар да бар екен. Ашық далада ірі қара өлекселері шала көмілген. Олардың ол жерге өзеннен емес, қорадан апарылғаны сүйрелген ізінен анықталды. Сүйреп апарылған жері – мал қорасынан 150 метр аумақта. Және соны сол жатқан жерінде бетін топырақпен жаба салған. Демек, санитарлық талапқа сәйкес емес жағдайда көмілген.

    Мал иесі Еркінбек есімді азаматтың айтуынша, «сиырларды су ағызып өлді» деген ақпаратты оның малшысы айтқан. Бірақ тексерушілер барғанда малшысының кетіп қалғаны белгілі болды.
    – Мен 76 бас ірі қарамен Іле ауданы Байсерке ауылынан Мыңбаев ауылы жанындағы №8 қора-жайға мал қыстатуға көшіп келген едім. «Мыңбай» шаруа қожалығынан 236 бас асыл тұқымды сиыр сатып алдым. Бұл жерде жалпы саны 312 бас мүйізді ірі қара болған. Мен өзім денсаулығыма байланысты малды қадағалай алмадым. Жақында ота жасатамын, осындай жағдай болған соң амалсыз келдім. Су тоспасының жарылып, 91 бас сиыр өлгенін өзім көрген жоқпын, маған оны осы жердегі малшы айтқан. Ол малшым қазір жоқ. Мен тек 3 бас сиырды өзен жақтан көлікпен сүйреп әкелдім, – дейді мал иесі Еркінбек Бейсенбаев.

    Осынша малдың аштан өлгені, әрине, обал-ақ. Десе де, жалған мәлімет беріп, пайда көздердің түбі жақсылыққа апармайтынын да ұғынған жөн.

    Серік Сатыбалдиев,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Аңшылық маусымы ашылды

    Аңшылық маусымы ашылды

    2 years ago
    Ұлыс тойы ұлықталды

    Ұлыс тойы ұлықталды

    1 year ago
    Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

    Өзекті мәселе шешілсе өсім артады

    4 weeks ago
    Алматы облыстық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды

    Алматы облыстық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды

    10 months ago
    Ысырапқа жол бермейік!

    Ысырапқа жол бермейік!

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.