-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    “Өлке тынысы” ЖШС-ға жаңа басшы тағайындалды

    17.04.2024
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    “Өлке тынысы” ЖШС-ға жаңа басшы тағайындалды
    0
    SHARES
    255
    VIEWS

    Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, журналист Кәдірбек Құныпияұлы Алматы облыстық «Алатау арайы», «Огни Алатау» газеттерінің және Alataunews.kz ақпараттық сайты мен өңірлік коммуникация қызметінің басын біріктірген «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне директор болып тағайындалды.

    Кәдірбек Құныпияұлы 1962 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Тасбұлақ ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

    Еңбек жолын Кеген аудандық газетінде радиохабарларды ұйымдастырушы болып бастаған. Әр жылдары Кеген аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясы бастығының орынбасары, Кеген аудандық газетіндегі радиохабарларды тарату бөлімінің меңгерушісі, Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бөлім меңгерушісі, «Өркен» газеті бас редакторының орынбасары, «Саясат» журналының жауапты редакторы, «Қазақстан-Заман» газеті бас редакторының орынбасары, Алматы облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Арыс» баспасында жетекші редактор, «Заң» газетінің бас редакторы, «Ан-Арыс» баспасының директоры, Халықаралық Түркі академиясының менеджері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ-ның жетекші сарапшысы, «Қазақ университеті» баспа үйінің бас редакторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығының директоры қызметтерін атқарған.
    2023 жылдың қаңтар айынан Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы қызметінде болды.

    Бірнеше жыр жинағы мен аударма кітаптарының авторы. “Құрмет” орденінің иегері. Кеген және Райымбек аудандарының Құрметті азаматы.

    1 of 1
    - +

    Ұсынымдар

    Алматы облысында үй жануарлары қауіпті ауруларға қарсы тұрақты егіледі

    Алматы облысында үй жануарлары қауіпті ауруларға қарсы тұрақты егіледі

    10 months ago
    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетін “Парыз” конкурсы басталды

    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетін “Парыз” конкурсы басталды

    2 years ago
    Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

    Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

    1 year ago
    Талғар ауданында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде

    Жол жөндеу жалғасады

    5 months ago
    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.