⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Шатқалдағы шара

    18.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Туризм және саяхат, Экология
    Шатқалдағы шара
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Жамбыл ауданында ұйымшылдықпен өтуде. Акция аясындағы «Киелі мекен» апталығында осы аймақта орналасқан 51 ескерткіштің аумағын тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Сондай тарихи мекеннің бірі – аудан орталығынан шалғайдағы Қарабастау ауылы маңындағы «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында сенбілік өтті. Аудан орталығынан ат арытып арнайы келгендер аталған қорық-мұражайдың аумағын тазартып, туристер қабылдайтын «Таңбалы сапар орталығының» айналасына 30 түп қарағай ағашының көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар жартас суреттері мен археологиялық ескерткіштерді көруге баратын туристік бағыттардың бойындағы ақпараттық тақтайша, орындық, бастырма, жол белгілері сияқты көмекші құралдар сырланып, ағаш түптері әктелді.

    Бұл жұмысқа аудандык мәслихат төрағасы Мадияр Әмірғалиев пен «Аманат» партиясы аудандық филиалының жетекшісі Ықылас Амалбек бастаған бір топ депутат пен қоғам белсенділері, жастар ұйымы, еріктілер білек сыбана атсалысты. Мұражай қызметкерлерімен қатар Мәтібұлақ ауылдық округі азаматтарының ұйытқы болуымен өткен экологиялық шараға жалпы саны 100-ден астам адам қатысты. Олардың арасында аталған округке қарасты Мәтібұлақ, Таңбалытас, Шилібастау елдімекендеріндегі білім, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері болды. Сондай-ақ көршілес Беріктас, Самсы, Қопа ауылдарының тұрғындары да келді.

    Қазақ елі үшін ғана емес, бүкіләлемдік маңызы бар тарихи мұралар орналасқан Таңбалы шатқалын тазартып, көгалдандыру мақсатындағы мұндай игілікті шара алдағы уақытта да жалғасатын болады.

    Серік Сатыбалдиев,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    Шеңгелді ауылдық округінде 10 балалар алаңы салынады

    12 months ago
    “Ана үйі” қоры туралы не білеміз?

    “Ана үйі” қоры туралы не білеміз?

    2 years ago
    Мергендер түсті жарысқа

    Мергендер түсті жарысқа

    1 year ago
    Экокәсіпкерлікке жол ашады

    Экокәсіпкерлікке жол ашады

    2 years ago
    “Қолжетімді интернет” Ұлттық жобасына 560 млрд теңге бөлінбек

    Интернет сапасы жақсарады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>