-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    “Таза Қазақстан” Тәңіртауға жетті

    24.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    “Таза Қазақстан” Тәңіртауға жетті
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    «Таза Қазақстан» республикалық акциясына Тәңіртау өлкесінің ел-жұрты да қызу қолдау білдіруде. Науқан басталған алғашқы күннен-ақ, елді мекендерде тазалық жұмыстарына баса назар аударылуда. Акцияға ауыл тұрғындары, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, жастар, қоғамдық ұйымдар, білім, денсаулық, спорт, мәдениет саласы мен мекеме қызметкерлері, еріктілер біркісідей атсалысуда.

    Бүгінге дейін көшелер мен тұрғын үйлердің, сауда нүктелері мен қызмет орындарының аулалары тазартылды. Саябақтар мен тарихи ескеркіштер орнатылған алаңдар ретке келтірілді. Жүздеген тонна күл-қоқыс пен қалдық сыртқа шығарылып, арнаулы орынға жеткізілді. Осының өзі-ақ, мақсатты іске деген құлшыныстың қаншалықты дәрежеде екенін аңғартса керек.

    Аталған шара «Киелі мекен» тақырыбында Шалкөде өңірінде жалғасын тапты. Қасиетті мекенге бұл жолы акцияға қатысушы белсенді топты аудан әкімі Берік Дүйсенбаев өзі бастап барды. Аталған өлкеде шежіре-сырға толы тарихи орындар көп кездеседі. Өткен ғасырларда осы өлкеде ғұмыр кешіп, әулиелігі, көш бастар көсемдігі, сөз бастар шешендігімен елге қадірі артқан, артына өшпестей із қалдырған тұлғалардың кейбірінің мазары да осы жерде бүгінге дейін сақталған. Бұл өңірге жолы түскен жолаушы ара-тұра сол қасиетті орындарға барып, тағзым жасайды. Олар жайлы ауызша айтылып, бүгінге жеткен тарихи әрі аңызға айналған оқиғалардан құлағдар болады. Ерекше қасиеттерімен танылып, әулие атанған сондай адамдардың бірі – Түзелбай Әденұлы. 1799-1882 жылдары ғұмыр кешкен бұл кісі болыстық қызмет атқарып, қарапайым елге көп қайырым жасаған екен. Ол ақыл-парасатымен елді соңынан ерте білген, болашақты болжайтын әулиелігімен халықтың құрметіне бөленген адам болыпты. Бүгінге жеткен аңыз әңгіме бойынша Түзелбай әулие өмірден өтерінде ұрпақтарына өзінің күмбезінің сыртын балықтың майымен майлауды тапсырады. Өйткені, балықтың майы ескеркіштің тозуына жол бермейтін көрінеді. Күмбезді орнатып, сылайтын мезгіл де таяйды. Балықтың майы табылмай ділгірген жұрт алыстағы Іленің бойынан балық әкелуге аттанбаққа қамданады. Сөйтіп жатқанда кенеттен аспанды қара бұлт торлап, селдеткен нөсермен бірге балық та жауып берген екен. Сол жауған балықтың майымен күмбездің сырты сыланған көрінеді. Аңыз шындықтан құралатыны белгілі. Соның дәлелі – Түзелбай әулиенің бейіті арада екі ғасырдан аса уақыт өтсе де жауын мен желге мүжілмей сақталып келеді. Бала көтермеген әйелдер осы кісінің басына түнеп, ұрпақ сүйгеніне куә болғандар да көп бүгінде. Осыдан оншақты жыл бұрын осы өңірдің Советбек есімді азаматы «Түзелбай әулие түсіме кіріп аян берді. Күмбезіне кесене орнатуды тапсырды» деп, өз қаражатымен күмбезді ішіне алып, үлкен кесене тұрғызыпты. Айналасы қоршалып, маңдайшасына әулиенің аты-жөні, туған, өмірден қайтқан жылы жазылған, іші-сырты әктеліп-сырланған бұл орын қазір күншілік жерден менмұндалап тұратын қасиетті орынға айналған. Сонау Алматыдан осы күні арнайы келген Түзелбай әулиенің бесінші ұрпағы Берікбай Қамза дейтін азамат та бабасы туралы аңызға айналған әңгіменің отына май құйып, әсерлі баяндап берді. Бұл күні әулиенің рухына Құран бағышталып, тағзым жасалды. Акцияға қатысушылар кесененің айналасын тазартып, ретке келтірді.

    Осы өңірде Қисық деп аталатын жер бар. Тау қойнауына бастайтын аңғардың орта шенінде суы шипалы арасан орын тепкен. Осы жерге жыл сайын көктем шығысымен сонау күзге дейін жүздеген адам келеді. Арасанның суына шомылып, денелерін батпағымен майлайды. Қайтқанда суы мен батпағын өздерімен ала кетеді. Дертіне дауа іздеп келіп, айығып қайтатындар көп. Қазір бұл қасиетті жер де қамқорлыққа алынған. «Киелі мекеннің» науқаншылары осы күні арасанға да атбасын тіреді. Арасан суын айнала көмкеріп тұрған ақ матасын қайта жаңалады. Айналасына тазалық жұмысын жүргізді. Суын ішіп, ыдыстарына құйып алысты. Арасан туралы, оның ерекше қасиеті жайлы әңгімелерге қанықты. Сөйтіп, «Киелі мекен» акциясы қасиетті мекенде айрықша маңызға ие болды.

    Жұмабек Тұрдиев, Райымбек ауданы

     

    1 of 3
    - +

    1.

    2.

    3.

    Ұсынымдар

    Қарттарым, аман-сау жүрші!

    Қарттарым, аман-сау жүрші!

    9 months ago
    Қарағаш тұқымы себілді

    Қарағаш тұқымы себілді

    1 week ago
    Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

    Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

    8 months ago
    Қонаев әкімінің орынбасары тағайындалды

    Қонаев әкімінің орынбасары тағайындалды

    1 year ago
    Ет өнімін экспорттайды

    Ет өнімін экспорттайды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>