-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тілді жоғалтсаң, бәрін жоғалтасың

    21.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология
    Тілді жоғалтсаң, бәрін жоғалтасың

    Фото: https://anatili.kazgazeta.kz/news/46307

    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Соңғы жылдары  ата-бабадан мирас болып келе жатқан ана тіліміздің тазалығына  аса мән бермей, тұныған лайлай бастағанымыз жасырын емес. Кеңестік кезеңде ақпарат құралдары тіл тазалына баса мән беруші еді. Ол уақытта қазіргідей ғаламтор мен ұялы байланыс болмады. Алыстағы туған-туыспен хат арқылы хабар алмасатын. Сол кездері  хат жазушылардың арасында кейбір сөздердің дұрыс жазылуына күмән келтіргендері мерзімдік басылымдарға жүгінетін. Ол кездегі мерзімдік басылымдар қазақ тілінің жазылу емлесін сақтап,  бар­лық ережені бұзбай жазатын.

    Бүгінде бір сөздің өзін әр басылым әртүрлі жазып жүргеніне куә болып жүрміз. Мәселен, «жем-шөп» дегенді бір газет қосып жазса, енді бірі  дефис арқылы жазады. «Жетіп артылады», «Кең байтақ» «Бейжай», сөздері де солай. ЖШС-ның дегенді бір басылымда ЖШС-нің, тағы бір газетте ЖШС-гінің деп жазылуда. Журналистер қауымы сөзді өз орнымен қолданып, әдеби жазба тілде жазуды меңгергендері абзал. Бұдан оншақты жыл бұрын осы мәселе қозғалғанда, ғалымдар латын әліпбиі енгізілген соң бәрі өз орнына келетініне сендірген болатын. Алайда оның ауылы алыстап бара жатқан секілді. Сонымен бірге журналистер қауымының арасында әдеби сөздің орнына жергілікті диалектілерді қолданатындардың да көбейіп келе жатқанын да айтпай кетпеске болмас.

    Кейінгі шыққан фильмдерде және шетелдік телесериалдарда туыстық атаулардың өзін қате атап жатады. Режиссерлер мен дубляж жасаушылардың мұндай өрескел қателіктері кейінгі буын өкілдерін адастыратындықтары анық.

    Осы күнгі жастардың тілінің  әдеби  тілден алшақтап барады. Олардың сөздік қорының аздығы мен қазақ тілінің дыбыс үндестігі сақтай бермейтіндігі анық аңғарылуда. Мектеп мұғалімдері де оқущылардың сөйлем құрай алмайтынына алаңдаушылық білдіруде. Сондай-ақ, ата-бабамыз ғасырлар бойы сақтап, бізге жеткізген сөз мұрасын  жаргон сөздермен былғап, ана тілінің  деңгейін төмендетіп жүр. Ол аздай қазақ тіліндегі сөздердің көпшілігін білмей, «Қазақта осындай сөз бар ма еді?» деп тұратындарына жиі куә болып жүрміз.  Бұл – жастардың көркем әдебиет оқымайтындығы мен мерзімдік басылымдарға мүлде көз жүгіртпейтіндігінің анық көрінісі. Сонымен қатар аға-іні, әпке-сіңлі атауларын «брать», «сестра» десе, имандылыққа бет бұрғандар арабша атаумен атайтын болған. Оларға тоқтау салып, жөн сілтеп, бағыт-бағдар көрсететін орта жастағылар мен үлкен кісілер ұлдарын «сыня», қыздарын «доча» деп, немерелерімен орысша шүлдірлеседі. Мұны көргенде «Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан көрерсің» деген аталы сөз еріксіз ойға оралады.  .

    Тәуелсіздіктің арқасында қазақ даласына патша өкіметінің отарлық және кеңестік дәуірдің солақай саясаты салдарынан бұрмаланған, қолданыстан шығарылған көптеген сөздер қайта оралып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей  болып, мемлекеттік тілді дамытуға мүмкіндік жасалып, қолдау  көрсетілуде. Өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілді меңгеруге ықылас танытып, балаларын қазақ сыныптары мен балабақшаның қазақ тобына беруде. Олар мемлекеттік тілді насихаттауда. мемлекеттік тілді оқыту процесін  және  тілді қолданудың  мәртебесін арттыру жолға қойылған. Аралас мектептердің өзінде кіріс-шығыс іс-қағаздары, педагогикалық кеңестің, директор жанындағы отырыстың, ата-аналар жиналысының хаттамалары, семинарлар, баяндау хаттар, анықтамалар, мәліметтер, сыныптан тыс іс- шаралар мемлекеттік тілде жүргзіледі.  Осындай кезеңде халқымыздың ұлттық байлығы ана тіліміздің қадыр-қасиетін жоғалтпау қазақтығымызға сын болады.  Сондықтан өз қаракөздеріміз тіл тазалығына баса мән беруі қажет.

    «Ақша жоғалтсаң көп жоғалтқаның, дос жоғалтсаң көп жоғалтқаның, ал тіліңді жоғалтқаның бәрін жоғалтқаның» деп, данышпан Гете айтқандай, осылай кете берсек, болашақта тілімізді жоғалтып алу қаупі туындайды. Оның алдын алу үшін тезірек аталған мәселерді шешу бағытындағы нақты шараларды қолға алғанымыз жөн.

    Айжарық Көптілеуов

     

    Ұсынымдар

    Шалғайдағы ауданның жай-күйі. Әкімнің Райымбек ауданы тұрғындарына есеп беру кездесуі қалай өтті?

    Шалғайдағы ауданның жай-күйі. Әкімнің Райымбек ауданы тұрғындарына есеп беру кездесуі қалай өтті?

    2 years ago
    Алтын қазына

    Алтын қазына

    1 year ago
    Алматы облысында екі пилоттық аудан әкімінің сайлауы басталды

    Алматы облысында екі пилоттық аудан әкімінің сайлауы басталды

    2 years ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Әлеуетті аймақтан қуатты елге

    1 year ago
    Талғар ауданында топырақ көшті

    Талғар ауданында топырақ көшті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.