-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Рухты оятқан ойын

    02.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Идеология, Өңір тынысы, Спорт
    Рухты оятқан ойын
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Салауатты өмір салтын қалыптастыруда және тарихқа, салт-дәстүрге деген құрметті арттырып, халықтың патриоттық рухын асқақтата түсетін ұлттық спорт түрлерінің алар орны ерекше. Соңғы кездері облыста көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, асық ату, қазақ күресі, жекпе-жек, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік сынды ойындар қарқынды дамып, түрлі жарыстар өткізілуде. Жақында Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық біріншілік өтті.

    Аударыспақ, теңге ілу, жамбы атудан сайысқа түскен 2004-2006 жылы туған жастар арасындағы жарыс қорытындысында жамбы атудан «Түрік стилі» бойынша Жарылқасын Бекарыс, «Корей стилінде» Шарынбай Мадияр, «Қазақ стилінде» Қазбек Асылбек жеңімпаз атанды. Жамбы ату стилінде жалпы командалық есепте бірінші орынды Қарасай ауданы, екінші орынды Қонаев қаласы, үшінші орынды Еңбекшіқазақ ауданы еншіледі.

    Аударыспақтан бақ сынағандар арасында 55 келі салмақ дәрежесінде Руслан Төкенұлы (Райымбек ауданы), 57 келі салмақ дәрежесінде Дәулетхан Мұхамет ( Кеген ауданы), 62 келі салмақ дәрежесінде Тоқтарғазы Құрмет (Райымбек ауданы), 68 келі салмақ дәрежесінде Сәрсенбай Сұлтанбек (Райымбек ауданы), 74 келі салмақ дәрежесінде Алмас Төкенұлы (Райымбек ауданы), 82 келі салмақ дәрежесінде Әділ Нұрислам (Қонаев қаласы), 87 келі салмақ дәрежесінде Абайбек Жансерік (Райымбек ауданы), 95 келі салмақ дәрежесінде Әбетай Сұңғат (Райымбек ауданы), 95 + келі салмақ дәрежесінде Бейбарыс Өркенұлы (Ұйғыр ауданы) жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

    Теңге ілуден «Қос құлаш стилінде» Нұрболат Наран, «Бес белес стилінде» Нұрәлі Ерсін, «Жеті құт стилінде» Серікжан Байдаулет топ жарды.

    Көкпардан ересектер бойынша Жамбыл ауданы бірінші орынды олжаласа, Кеген ауданы екінші, Райымбек ауданы үшінші орынға ие болды. Абай Мағжан (Райымбек ауданы) «Ең үздік салымшы», Ноғайбек Дулат (Жамбыл ауданы) «Ең үздік қорғаушы», Серікжан Бағдаулет (Кеген ауданы) «Ең үздік ойыншы» номинациясын иеленді.

    Жарыстың жалпыкомандалық есебі бойынша Райымбек ауданы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Кеген ауданы еншілесе, үздік үштікті Қонаев қаласы түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, грамоталар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

    Айжарық Көптілеуов,
    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

    Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

    2 months ago
    Тәрбие талбесіктен басталады

    Тәрбие талбесіктен басталады

    3 months ago
    АЭС орны қалай таңдалады?

    АЭС орны қалай таңдалады?

    9 months ago
    Апат айтып келмейді

    Алматыда жер тербелді

    1 year ago
    Қоғам ұйытқысы

    Қоғам ұйытқысы

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.