Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және оның ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 2022 жылдың 01 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсаны аралығында 4 125 084 мың теңге бюджет қаражаты қамтылып, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 1 405 982,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
– 1 403 917,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның 1 402 635,8 мың теңгесі қалпына келтірілуі тиіс, 1 282 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілуі тиіс) және – 2 065 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты.
Осымен қатар 11 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін жалпы сомасы 1 282 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді.
Сонымен қатар, аудит барысында 710 497 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды. Аудит қорытындысы бойынша аудит объектілері тарапынан 692 138,8 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалуы тиіс.
Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 6 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» тиісті баптары бойынша шараларды қарау мақсатында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын бұзу бойынша 2 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға 2 материал, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңын бұзу бойынша 2 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуға 3 материал жолданған.
А.Кадир,
Алматы облысы бойынша
тексеру комиссиясының мүшесі