Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Алатау қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен және Алматы облысы әкімінің өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Алатау қаласының әкімі болып тағайындалды.
Әркен Хамитұлы 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2006 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2010 жылы АҚШ-тың Карнеги Меллон университетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, халықаралық қатынастар маманы, мемлекеттік саясат және басқару ғылымының магистрі.
Еңбек жолын 2006 жылы «Казинвестбанк» АҚ корпоративтік клиенттермен жұмыс бойынша менеджері болып бастаған.
Әр жылдары отандық банк саласында, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Дипломатиялық дәрежесі – І сыныпты кеңесші. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.