“Алматы облысының цифрлық көшірмесінің” негізгі мақсаты – халық пен билік арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету. Қазіргі таңда аталмыш жоба барлық саланы қамтып, толық жетілдірілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Цифрлық көшірмеде нысан атауы,ғимараттың салынған жылы және соңғы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының уақыты, мекен-жайы,ғимараттың жалпы ауданы, халық саны сынды өңірлік перспективалық деректер енгізілген.
Яғни, көшірмеде нысанның атауынан бөлек, оған жұмсалатын қаржы, қолданысқа берілетін уақыты мен құрылысқа жауапты мердігер
компания туралы барлық мәлімет берілген. Көшірмеде бүгінде 1148 мектепке дейінгі білім және 471 орта білім беру ұйымдарының тізімі бар.
Сондай-ақ,техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бойынша 22 мемлекеттік колледж бойынша ақпарат алуға болады.
“Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде бой көтеруі тиіс 53 білім беру ошағы жайлы және екі ауысымдық мектептер туралы толыққанды мәліметтер цифрлық көшірмеде көрсетілген”,-дейді Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Елубаева.
Ал, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Пернебайқызы көшірмеде 349 медициналық нысан бойынша деректер енгізіліп, әрдайым жаңартылып тұратынын алға тартты.