Қонаев қаласында безгек масаларына қарсы дәрі шашудың 2-кезеңі басталды.
Қонаев қаласының аумағында орналасқан жалпы ауданы 70 га болатын 60 анофелогенді су қоймалары бар. Ол су айдындарында безгек масалары көп шоғырланған.
Осыған байланысты мемлекеттік тапсырыс аясында 2024 жылы 13 мамырдан бастап 17 мамырға дейін Қонаев қаласындағы анофелогенді су қоймаларын безгекке қарсы өңдеудің екінші кезеңі өтіп жатыр. Бұл уақыт аралығында аталған аумақтарда мал, құс жаюға тыйым салынған.
Бұдан бөлек, қалалық ТҮКШ бөлімі тұрғын үйлердің жертөлелеріне де масаға қарсы дәрі шашып жатыр.