Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов облыстағы аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық маусамға дайындағы туралы баяндады.
Өңір бас санитарының айтуынша, жұқпалы аурулардың ең қауіптісі – төрт түлік малдан жұғатын Сібір жарасы. Оны жұқтырған адамның денесінде жара пайда болып, дене қызуы көтеріледі, интоксикация, кейде сепсис белгі береді.
Облыста соңғы 10 жылдан астам сібір жарасы тіркелмеген, алайда біздің облыс сібір жарасын жұқтыру қаупі бар аумақта орналасқан. Себебі, өңірде сібір жарасының 99 топырақ ошағы бар.
Осыған байланысты спикер бірден бір алдын алу шарасы екпе атап өтті. Өткен жылы профилактикалық мақсатта 448 ветеринарлық қызмет маманы, ет өңдеу кәсіпорындарының, сою пунктері мен алаңдарының қызметкерлері сібір жарасына қарсы екпе алды.
Бұдан бөлек, күн жылыған кезде кене энцефалиті, баррелиоз сынды инфекциялар таралады.
Алматы облысында Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Райымбек, Кеген, Ұйғыр аудандарындағы елді мекендердің 20 пайызына жуығы кене энцефалиті бойынша эндемикалық аумақтар қатарына жатады.
“Кене шағуынан зардап шеккендердің барлығына кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу арқылы жедел көмек дер кезінде көрсетіледі”, – деп қорытындылады Марат Исмаилов.