2024 жылдың 29 мамыр күні Астана қаласында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Ш.Шорманов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Толенді Айбол және Жамбыл ауданы Қарғалы №3 орта мектептің 8 сынып оқушысы Мотовилов Владимир Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Сабырұлымен кездесуге қатысты.
Ауылшаруашылығы саласында ғылыми зерттеу жұмысымен айналысатын оқушылар шара аясында Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында болып, Президенттік және Ұлттық мұражаймен танысты. Балаларға сыйлықтар мен “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру лагеріне жолдама табыс етілді.