Үкімет қаулысымен Алатау қаласының Бас жоспары бекітілді. Жоспар бойынша қала әрқайсысының өз бағыты бар төрт ауданнан тұрады: «Gate», «Golden», «Growing» және «Green Districts». Жоспарда әртүрлі инфрақұрылымдық жобалар, соның ішінде тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарастырылған.
Жоспарлар жүзеге асса, 2050 жылға қарай қала халқының саны 1,87 миллион адамға жетеді деп күтілуде.
Алматы облысында биыл жыл басында жалпы ауданы – 88 мың гектар, халқының саны 52,7 мың адамды құрайтын жаңа Алатау қаласы құрылған. Үкімет Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп Алатау қаласының даму жоспарын әзірлеген.