-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Аlatau Hub» ашылды

    17.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология
    «Аlatau Hub» ашылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Өңірлердегі ІT-стартаптарды қолдау және инновациялық жобаларды дамыту мақсатында Қонаев қаласында алғаш рет өңірлік хаб іске қосылды. Облыс тарихындағы аса маңызды сәтке куә болуға жиналған жұртшылықтың қарасы қалың. Әсіресе инновациялық жобаларға қызығушылық танытып, цифрландыру бағытына талпынған жастардың көптігі көңіл қуантты. Облыс орталығындағы жайдарман жаңалыққа ортақтасып, жаңа ғимараттың тұсауын кесуге облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов пен Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов, халықаралық «Astana Hub» технопаркінің басқарушы директоры Даяна Ахметова арнайы келді.

           Халықаралық «Astana Hub» технопаркінің қолдауымен ашылған «Аlatau Hub» аймақтағы инновациялық жобаларды әзірлеп, IT-сала­дағы кадрларды оқыту және даярлаумен айналысады. Сондай-ақ, қазіргі таңда әлеуеті артып, қарқынды дамып келе жатқан ІТ саласын жандандырып, жергілік­ті IT-қауым­дастықтарды – стар­таптар, ин­вес­торлар, тәлімгерлер қауым­дастығын құрады. Салтанатты жиында алғашқы сөз кезегін алған Мұрат Бақыткерімұлы ІТ-хабтың бүгінгі күнге берері көптігін тілге тиек етті. Ол өз сөзінде:

    –       Құрметті қауым баршаңызды «Astana Hub» халықаралық технопаркінің өңірлік филиалы «Alatau Hub»-тың  ашылуымен құттықтаймын. Бұл жоба ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін 100 мыңға тарта жоғары білікті IT мамандарды даярлау тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр. IT хабтың ең бірінші міндеті –  біздегі осы бастауыш стартаперлерді, инвесторларды, сонымен қатар осы IT мамандығы бойынша цифрлық жобаларды ілгерілетушілерді бір IT қауымдастыққа жинау. Мұнда тек IT мамандары үшін ғана емес, роботатехника, бағдарламалау сабақтарына қызығушылық танытатын оқушылар үшін де бар мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар бұл мекемеде  түрлі форматтағы кездесулер, презентациялық жиындар, тағы басқа да шаралар өтіп тұратын болады. Сол себепті осы сәтті пайдалана отырып, жаңа ғимараттың материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға көмектескен «Sergek Group», «Интегро» компанияларына өз алғасымызды білдіреміз, – деп «Alatau Hub»-тың өңірдің цифрландыру бағытына үлкен септігін тигізетін мекеме болатынына сенім білдірді.

         Келесі сөз кезегін алған  Асхат Ермекұлы ІТ-хаб жастардың білімін көтеріп, болашағын дамытуға мүмкіндік беретін бастама екенін жеткізді. Сондай-ақ қала әкімдігі тарапынан орталыққа, онда оқуын дамытатын балаларға қажетті көмектер көрсетілетінін алға тартты.

          Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартаптардың халықаралық технопаркі  «Astana Hub»-тың басқарушы директоры Даяна Ахметова да тарихи сәттің маңыздылығы туралы өз ойымен бөлісті.

    –       Баршаңызды бүгінгі айтулы оқиғамен құттықтаймын. Біз «Astana Hub»-та 14-ші аймақтық хабты, физикалық аймақтық хабты ашып отырмыз. IТ саласын дамытуға атсалысып жатқан облыстық әкімдікке, жергілікті атқарушы органдарға және өз серіктестерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз. Өңірлік хабтарды дамыту – біздің стратегиялық міндеттеріміздің бірі. Біз дарынды жастарды тартамыз, олар өз стартаптарын одан әрі дамыта алады. Сондай-ақ өз IT компанияларын ашып, халықаралық нарықтарға шыға алады, – деп ІТ-хабтың мол мүмкіндігін сөз етті. 

         Салтанатты жиынның құрметті қонақтары жаңа нысанның лентасын қиып, мекеменің ішін аралап, робототехникаға қызығушылық танытқан оқушылардың туындыларын тамашалап, цифрландыру бағытындағы жаңа құрылғылармен танысты. Сонымен қатар ғимарат ішіндегі жаңа мүлік пен жаңа жиһаздарға, пайдалану құралдарына  жоғары баға беріп, ІТ-хабқа келушілерге жасалған жағдайды оң бағалады.

     

    Құралбек Сәбитов,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    “Ел бірлігі қиын күндерде айқын көрінді”

    “Ел бірлігі қиын күндерде айқын көрінді”

    1 year ago

    Мәңгі өшпейтін тағылым

    2 weeks ago
    Алғашқы әкім

    Алғашқы әкім

    7 months ago
    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»

    Ғылымға қолдау артып келеді

    12 months ago
    Сенат төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті

    Сенат төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>