⛅
4°C
Қонаев
Дүйсенбі, Ақпан 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сақтық шарасы қауіптің бетін қайтарды

    02.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Сақтық шарасы қауіптің бетін қайтарды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Орынды жасалған қадам мен оңды шешімдер сын сағатта өзінің өміршең қуатын әйгілейтіні бар. Сол үшін де қауіп пен қатерді алдын ала бағамдай білудің маңызы аса зор екені айтпаса да түсінікті. Кезінде жасалған сақтық шарасы айтып келмес апаттың алдын алуға үлкен мүмкіндік берді.

    2 мамыр күні сағат 11:20-да ауа райының жиі құбылуына байланысты Талғар ауданы Бесағаш ауылы Баянауыл көшесіндегі №8 «Бурабай» коттедж қалашығына тау баурайынан көлемі шамамен 30 текше метр топырақ көшкіні түсті. Құдай сақтап, жергілікті апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Өйткені, «Бурабай» коттедж қалашығы Баянауыл көшесіндегі №16 үйдің тұрғындарын көшкіннен қорғау мақсатында 2021 жылы биіктігі 4 метр және ұзындығы 144 метр тірек қабырға салынған еді. Осы тірек қабырға топырақ көшкініне тосқауыл болды. Осылайша, үйлер де бүлінбеді, адамдар да зардап шеккен жоқ.

    Аталмыш үйде 80-ге жуық адам тұрады. Жылына екі рет көшкін қаупі бар кезеңде «Қазселденқорғау» ММ мамандары қауіпті учаске тұрғындарына көшкіннің болу қаупі туралы хабарлама жібереді. Қазіргі уақытта тірек қабырғасын ұзарту және тауды каскадты кесу арқылы тау массивін жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құлаған топырақты шығару дер кезінде жүзеге асырылуда. Апат аумағында «Қазселденқорғау» ММ, Төтенше жағдайлар департаменті және «Қазгидроспецстрой» ЖШС қызметкерлері, басқа да тиісті мамандар жұмыла жұмыс істеуде. Алда қауіпті сейілтуге бағыталған жұмыс өз жалғасын таппақ.

    Еске сала кетсек, өткен айда аталған көшедегі жотаның үстіне салынған үй көшкін салдарынан қираған болатын.

    Ұсынымдар

    Снежанна Имашева: Конституцияның Преамбуласы — Негізгі заңның идеялық-моральдық өзегі

    Жаңа Конституцияда барлық өтпелі рәсімдер, мерзімдер мен регламенттер нақты жазылады – Снежанна Имашева

    6 days ago
    “Үркер-2023” ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

    “Үркер-2023” ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

    2 years ago
    Жаңа телеарнаның тынысы кең

    Жаңа телеарнаның тынысы кең

    2 weeks ago
    Дін – татулық пен ізгіліктің жолы

    Дін – татулық пен ізгіліктің жолы

    2 months ago
    Реформаның әр қазақстандыққа қатысы бар

    Мемлекет дамуының негізі

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>