-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Қуғын-сүргін құрбандары

    Тарих шерлене сыр тарқатты

    31.05.2024
    in Қуғын-сүргін құрбандары
    Тарих шерлене сыр тарқатты
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Бүгін 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Жаңалық ауылындағы «Саяси қуғын сүргін құрбандары» музейінде «Шерлі тарих: ХХ ғасырдың І жартысындағы қуғын-сүргін сабақтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

    Конференцияға саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның, Алматы облысы бойынша өңірлік комиссияның мүшелері, архив, кітапхана қызметкерлері және Қырғыз Республикасындағы «Ата-бейіт» мемориалды комплексінің қызметкерлері, Өзбекстандағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінің қызметкерлері мен ғалымдары қатысты.

    Конференцияны филология ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Әнес жүргізді. Жиында қозғалған тақырып бойынша алты кітаптың тұсаукесері өтті.

    Аталған конференция аясында Алматы облысының мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев сөз сөйледі. «Бұл қарашаңырақта қазақтың  ғана аты аталып, түсі түстелген жоқ. Сонау Еуропа төріндегі поляктар, кавказдықтар, славян ұлт өкілдері, түркілерден өзбек, ұйғыр, қырғыз ағайындардың да ата-бабаларының сүйегі жатқан жер. Екінші залымыздағы 4425 тізім-  ол анықталғаны ғана. Әлі талай боздақтарымыз анықталмаған күйі бауырлар зияратында жатыр. Бүгінде археологиялық жұмыстарымыздан табылған 50 адамның сүйегін қайта жерлемекпіз. Оның төртеуі әйел адам, қалғаны еуропалық және азиялық азаматтардың сүйектері екені анықталды. Солақай саясаттың қанды іздерінің сызы қазақтың даласында сайрап жатыр. Бүгінгі күнді қаралы күн, ауыр күн деп санаймыз. Бабаблар рухы разы болсын! Ешқашанда саяси қуғын-сүргін құрбандары ұмытылмақ емес», — деді Әлиев.

    Алғашқы баяндаманы тарих ғылымдарының докторы, профессор, Өзбекстан мемлекетінің саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің директоры Бахтиер Хасанов оқыды. Әр баяндамада саяси қуғын-сүргіннің құрбанына айналған түрлі ұлттың ауыр тағдырлары еске алынды. Жер аударылған халықтардың тағдыр таразысына түскен нәубетті жылдары туралы және олардың көрген қиындықтары мен жергілікті ұлттардың қамқорлығы туралы кеңінен толғанды. Қырғызстаннан келген Ош өңірлік мұрағат қызметі басқармасы бастығының орынбасары Нұрғазы Әлімбаев баяндаманы әрі қарай жалғастырды. Конференция соңы қиын кезеңдегі түрлі естеліктерді еске алып, ата-баба аманатын арақалаған саяси-қуғын сүргін құрбандарының ұрпақтарына естелік сыйлықтар табыс етумен тәмамдалды.

    Шара барысында археологиялық қазба жұмыстарында табылған 50 адамның сүйектерін қайта жерлеу рәсімі өтті. Саяси құрбандарға арнайы құран оқылып, дұға бағышталды.

    Бағдат Шойбас

    Ұсынымдар

    Үміттерін үкілей жетті

    Үміттерін үкілей жетті

    2 years ago
    Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі не?

    Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі не?

    11 months ago
    Тілі бірдің тілегі бір

    Тілі бірдің тілегі бір

    1 year ago
    Табыс көзін тапқан

    Табыс көзін тапқан

    6 months ago
    Бір мезетте екі орталық ашылды

    Бір мезетте екі орталық ашылды

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.