Аудан орталығы Кеген ауылының аумағы күннен күнге ұлғайып келеді. Тұрғындарды көп толғандыратын мәселе — коммуналдық шаруашылық жайы, судың, жылудың уақтылы әрі сапалы жеткізілуі, кәріз желілерінің болуы.
Алғашқы екеуінде жұмыс барынша жүйелі жүруде деуге болады. Ал дренажды құбырлардың жайы кейде сын көтермей жататыны бар. Дренажды құбырлар терең дренаждық жүйенің негізі болып табылады, аумақты құрғату үшін қажетті суды қабылдау және ағызу қызметін атқарады. Бұл істің атқарылу барысын бағамдау мақсатында аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев құрылыс жүргізіліп жатқан аймаққа барып, жұмыс барысын көрді. Жауапты мамандармен мердігер мекеме өкілдеріне барлық жұмыстың талапқа сай орындалуын тапсырды.
Аудан әкімі және «Respublica» партиясының Алматы облыстық филиалы бірлесіп, коллекторлы-дренажды құбырлардың құрылыс монтаждау жұмыстарымен танысты. Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы мен
«Respublica» партиясының Алматы облыстық филиалы, Кеген ауылынан салынатын коллекторлы-дренажды құбырдың құрылыс монтаждау жұмыстарымен танысып, дренажды құбырдың құрылыс жұмыстары бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.
Кеген ауылынан салынатын коллекторлы-дренажды каналдың құрылыс монтаждау жұмыстарының басты жүйесі Кеген ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, төрт қабатты 32-пәтерлі тұрғын үйдің және Кеген орталық ауруханасы ғимараттарының жертөлесіне
жерасты техникалық кермек судың толып кетуіне байланысты, ауыл тұрғындарының наразылығын қолдау мақсатында 2022 жылы жобалық сметалық құжаттамасы әзерленді. Биыл мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Іргетас Құрылыс-2» ЖШС бас мердігер болып анықталды. Жалпы құбырдың ұзындығы 5,5 шақырым. Мемлекеттік сараптама бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарының аяқталу мерзімі — 90 күн.
Құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде.
Дәурен Әбутәліпов,
Кеген ауданы