Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында вегетациялық кезеңге дайындық туралы талқыланды.
“Қазсушар” РМК-ның Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының директоры Мейрам Арыстановтың айтуынша, аталмыш филиал Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле және Жамбыл аудандарының егіс алқаптарына су береді.
Сала мамандарының айтуынша, биыл 500 мың га алқапқа 50 млн текше метр су беру жоспарланып отыр.
Жалпы, филиал бойынша су берудің бекітілген шектік межесі 868,0 млн текше метрді құрайды.
Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Медет Керімжановтың сөзінше, филиал бойынша 134 дана гидробекет жұмыс істеп тұр. Оның 109-ы тексерістен өтсе, 25 гидробекетті шілде айында қайта аттестациялау жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, «Қазсушар» РМК филиалы су беру мен жинақтаудың қолданыстағы жүйелерін қайта құру және жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр.
“Вегетациялық кезеңге дайындық қарқынды жүріп жатыр. Атап өтсек, Күрті магистралды каналына механикаландырылған тазарту жұмыстары жүргізілді. Үлкен Алматы каналының Талғар учаскесінде 6 парапет қалпына келтірілді”, – дейді Мейрам Арыстанов.