Жуырда Кеген ауылындағы спорт сауықтыру кешенінде спорт ардагері, жерлесіміз, КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші Кенжебек Өмірбаевтың құрметіне бокстан 2011-2012 және 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті.
Жарыс үш күнге созылды. Алматы облысындағы Жамбыл, Іле, Райымбек, Қарасай, Кеген аудандары мен Алматы қаласынан келген жасөспірімдер былғары қолғаптарын түйістіріп, сайыс көрігін қыздырды.
Спорт ардагері, КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші Кенжебек Тыныштықбайұлы, Кеген аудандық спорт және туризм бөлімінің басшысы Гайдар Мұқанғожаев осы турнирдің бас бапкері, спорт шебері Медет Өмішов, бокстан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Алматы облысының чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер Үміт Садық және алты ауданнан келген бапкерлер ізгі тілектерін білдіріп, жасөспірімдерге ақ батасын берді.
Жеңімпаз аталған спортшыларға жеңіс дипломы табыс етілді.
Нұрболат Тастанқұлов,
Кеген ауданы