-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ағаштан түйін түйген

    19.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Мәдениет
    Ағаштан түйін түйген
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

           Халқымыздың ұмыт бола бастаған атакәcібін қайта жандандырып, ұрпаққа өнегелеп келе жатқан қолөнер шеберлері Талғар ауданында жетерлік. Солардың бірі – ағаштан түйін түйген Өмірбек Қуанышбекұлы.

    Ол 2019 жылы «Бизнес бастау» жобасы арқылы 6 пайыз өсіммен 6 миллион теңге несие алып, ағаштан астау, кесе жасау кәсібін қолға алады. Талғар қаласында өзінің жеке цехын ашып, 5 жыл бойы дамылсыз жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкер мемлекеттің қаржысын қайтарып та үлгерген.

    Өмірбектің мамандығы – экономист. Осы салада өнімді еңбек еткен. Ал қолөнерге деген қызығушылығы бала кезден басталыпты. Зейнет жасына жақындағанда тәуекел етіп, осы кәсіппен айналыса бастайды. Ағаштан түйін түйетін шебер бұл жұмысты қолға алғалы бері өсімдік әлемін зерттеуге ден қойған.

    «Ағаштар қылқан жапырақты, ине жапырақты болып екі түрге бөлінеді. Ине жапырақ ағаштардың шайыры көп және бос болып келеді. Сол себепті олардан үй жиһаздарын немесе ыдыс-аяқ жасауға болмайды. Ал қылқан жапырақты ағаштар – ыдыс жасауға таптырмас шикізат. Емен, тал, грек жаңғағының ағашы, қарағаш, қайың, теректерді көп пайдаланамын. Мейлі, қандай түзу ағаш болса да оны кесіп, желіммен жабыстырып, құрастырған дұрыс. Сонда пішіні өзгермейді. Ыстық ас салынатын ыдысты сәндеу үшін қолданылатын бояудың түріне де қатты мән берген абзал. Ыдыстың жиегі мен сыртын ғана сырлаймын. Ал ортасын қатты қыздырылған күнбағыстың майымен күйдіріп жылтыратамыз.

    Астауларға салынған өрнектердің де өзіндік мәні бар. Қошқар мүйіз – мал-жаның көп болсын, дәулетің тасысын дегенді білдірсе, енді бірі отбасының береке-бірлігі ортаймасын, ағайын тату болсын дегенді білдіреді. Сондай-ақ отбасы мүшелері ортақ ыдыстан ас ішсе, береке-бірлігі артып, араларындағы тоң жібіп, сыйластық орнайды.  Байырғы қазақ даласында қарттар үйі, балалар үйінің болмауы ұлтымыздың сәлт-дәстүрі мен қалыптасқан тұрмыстық дағдыларына байланысты», – дейді Өмірбек Қуанышбекұлы.

    Кәсіпкердің айтуынша, бір астау станоктан бір жарым сағатта шығады. Алғашқы пішіні дайын болған ыдысты өңдеу үшін үш сағатқа жуық уақыт кетеді. Тапсырыс көбейген кезде қосымша жұмыс күші керек болады. Басында туыс-туғандар ғана алатын астаулар бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізіледі. Атакәсіпті үйретіп, ағаш шебері атануына ықпал еткен ұстазы Тоғайбай Нұрмұратұлы кейіпкерімізге кем дегенде үш шәкірт тәрбиелеуді міндеттеген. Себебі, асыл өнерді жаңғырту – ата жолын қуған әр азаматқа міндет.

    «Ұстаздан шәкірт озыпты» дегендей, Өмірбек Қуанышбекұлы өзінен тәлім алған азаматтардың астау ғана емес, үй жиһаздарын, киіз үйдің қаңқасын жасап, қомақты табыс тауып отырғанын мақтана әңгімеледі. Отбасында бір қыз, екі ұл тәрбиелеген асқар тау әкенің қолғанаты – балалары. Әр істің қиындығы болады деген ол ағаш кесетін құрылғыны қолданарда өте мұқият болған жөн дейді.

    «Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады» демекші, айына 150 астауға дейін сататын шебердің тәжірибесі де молайып, табысы да артқан. Қарапайым болып көрінетін ағаш ыдыстардың экологиялық таза, емдік, азық-түлікті сақтау, жоғары сапа, жақсы үйлесімділік сынды ерекше қасиеттері бар. Базарда жалт-жұлт еткен түрлі ыдыстардың бояуларынан қауіпті химиялық зат бөлінетіні жиі айтылып жүр. Қарттар түгілі жастардың да дауасы жоқ ауруға душар болып жатуының бір себебі осы болар. Мұндай өнер тек табыс көзі ғана емес, тәрбиенің бастауы, денсаулық кепілі десек артық болмас. Өмірбектің бастаған ісіне сәттілік, қолына қуат берсін деген тілегіміз бар.

    Зорагүл Әбдіқадір,

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Мереке қарсаңында спорт кешені ашылды

    Мереке қарсаңында спорт кешені ашылды

    2 years ago
    Заң мен тәртіпке қызмет етеміз!

    Заң мен тәртіпке қызмет етеміз!

    12 months ago
    ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ БІРІКТІРЕДІ

    ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ БІРІКТІРЕДІ

    3 months ago
    Орталық саябаққа Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілді

    Орталық саябаққа Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілді

    5 months ago
    Әкенің қас-қабағы

    Әкенің қас-қабағы

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.