-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алатаудың алмасы “ауырып” тұр

    10.06.2024
    in Ауыл шаруашылығы
    Алатаудың алмасы “ауырып” тұр
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ – еліміздегі  алмабағымен танымал аудандардың бірі.  Аудан  әкімдігінің мәліметінше, алмадан жылына 11 мың тоннаға жуық өнім алынады. Әрине, алмадан мол өнім алуға  өңірдің  әлеуеті жетеді. Алайда алма өсірудің де өзіндік қиындығы жоқ емес. Әсіресе алма дертінің алдын алу оңайға соқпайды. Жақында Еңбекшіқазақ ауданындағы  Қаракемер ауылының  бағбандары бізге хабарласып, алма ағаштары белгісіз дертке тап болғанын айтып, дабыл қақты.

    Қаракемер ауылындағы  бағбандардың  айтуынша, өткен жылдан бері  тау бөктеріндегі жабайы алма ағаштардың  жапырағы сарғайып, дұрыс түйін тастамаған. Биыл жаңбыр мол болғанымен, мезгілсіз сарғайған алма ағаштары, сүзек жайлағандай сүреңсіз көрінеді екен. Бүгінде дертке шалдыққан алма ағаштардың аумағы кеңейе түскен. Оның қанша аумақты алып жатқанын ешкім дөп басып айта алмайды. Тіпті күнделікті  күтімдегі алма бағындағы ағаштардың да бұл сырқатқа тап болуы қаупі арта түскен. Өйткені жасыл жапырағы солған алма ағаштары ауыл іргесінен бірден  көзге шалығады. Қаракемердегі бағбандардың  сөзінше, алма ағаштарына  төнген дертке әсте бей-жай қарауға болмайды. Оған дер кезінде шара қолданбаса, шаруашылық иелері бар табысынан айырылуы мүмкін. Өйткені алма ағаштары ауруды тез жұқтырады.

    –  Қазақстанға әлемнің бірқатар елдерінен әкелінген алманың алуан түрі егілуде. Елге алып келген жаңа сорттармен бірге алманың жаңа аурулары пайда болып жатыр. Ел естімеген бұл дерт – дербезбен күресудің жолы да оңайға түспесі анық. Сол үшін алма дертімен кешенді күресудің жобаларын әзірлеу қажет сияқты. Қазіргі Іле Алатауы ұлттық паркінің аумағындағы  жабайы алма ағаштардың белгісіз дерті жергілікті алма сорттарының жойылып кету қаупін тудырып  отыр. Тіпті біз өнім ала алмай қалуымыз мүмкін. Алма ағаштарына төнген бұл сырқаттың алдын алуға жергілікті шарулардың  қаржылық және техникалық әлеуеті жетпейді. Сондықтан аудан әкімдігі уақыт созбай шұғыл шара қолдануы керек. Бұл мәселе туралы ауылдық округ пен аудан әкімдігіне сан мәрте өтініш айттық. Бірақ осы күнге дейін  нақты шешім қабылданған жоқ. Осылай қол қусырып қарап отырсақ, зор жоғалтуға тап боламыз, – дейді  жергілікті кәсіпкер  Мұрат Лазгиев.

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі біз сөз етіп отырған мәселеден  хабардар екен. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ермек Жакеевтің  айтуына қарағанда, аталған мәселе бойынша әкімдік қабылдаған өтініштер облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасына жолданған. Енді тиісті құзіретті органдар ортақ шешім қабылдап, залалданған алма ағаштардың барлығына санитарлық шаралар қолдануы қажет. Бұған дейін Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының директоры Бақытжан Дүйсенбеков Алатау алқабындағы алма ағаштарын зиянкестерден аман алып қалу керектігін айтқан еді.

    – Ел билігі біздің өтінішке құлақ асады және жақын арада жедел шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Ол үшін ғалымдар, фермерлер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы селбестік негізінде ортақ күш біріктіру қажет,–  дейді Бақытжан Дүйсенбеков.

    Біз тек алма ағашын аялаған бағбандардың жанайқайын жеткіздік. Аты аңызға айналған алманың отанында отырсақ та, биыл өзімізде өсетін жемістің  тапшылығы байқалды. Бар болса да, бағасы  шарықтап кетуі әбден мүмкін. Егер аталған алма ағаштар дерті дер кезінде ауыздықталмаса, дәмі таңдайда қалатын алқызыл алмаларды тек  түсімізде көрмесімізге кім кепіл.

    Ерзат Асыл,

    Еңбекшіқазақ ауданы

     

    Ұсынымдар

    Алматы облысында тұңғыш рет IT-жобалар конкурсы өтті

    Алматы облысында тұңғыш рет IT-жобалар конкурсы өтті

    2 years ago
    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    6 months ago
    AMANAT: Қарасай ауданындағы мектеп кестеге сай салынып жатыр

    AMANAT: Қарасай ауданындағы мектеп кестеге сай салынып жатыр

    2 years ago
    Өткен күн ұмытылмасын

    Өткен күн ұмытылмасын

    5 months ago
    Ұлттық киім паш етілді

      Ұлттық киім – ұлт мұрасы

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>