-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Арман алға жетелейді

    26.06.2024
    in БАҚ, Білім-ғылым
    Білім мен ғылымның «қара шаңырағы» ҚазҰУ құрылғанына 90 жыл

    Фото: kaznu.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Журналист болу  – бала кезден бергі арманым. Осы жолда алдыма мақсат қойып, бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алып жатырмын.

    ҚазҰУ – менің журналистикаға қадам басуыма жол ашты. Бірінші курс оқып жүрген кезімде университет пен «Шалқар» радиосының бірлескен «Сұңқар» жастар бағдарламасының кастингіне қатысып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алдым. Ойлаңызшы, өзім енді ғана оқуға түстім және бірден «Шалқар» радиосында эфир жүргіздім. Шыны керек, мұның барлығы журналистиканың қарашаңырағы ҚазҰУ-дың арқасында деп білемін. Біз қазірден университет қабырғасында жүріп, әртүрлі тақырыпта сюжет, материалдар дайындаймыз. Мәселен, осындағы «Фараби медиа» ютуб арнасында «ҚазҰУ-ға саяхат» атты жобам мен «Студент life» атты авторлық бағдарламамды жүзеге асырудамын.

    Қаншама журналисті түлетіп ұшырған қара шаңырақта мамандықтың қыр-сырын меңгеруіміз үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда студенттің тек теория жағынан ғана емес, тәжірибе тұрғысынан да шыңдалуына мүмкіндік ашылған. Қазір мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Алматы қаласындағы филиалында өндірістік тәжірибеден өтіп жүрмін. Ол жерде «Таңшолпан» таңғы сазды бағдарламасы, «Қазспорт» телеарнасының спорттық хабарлары және Abai TV-ның мәдени-рухани бағдарламалары мен қаладағы әртүрлі концерттер түсіріледі. Практика барысында ақыл-ойдың айнасына айналған Abai TV телеарнасының ішкі жағдайымен таныстым. «Ұмытпаймыз», Сарасөз», «Үркер» бағдарламаларының түсірілімдерінде болып, ассистент ретінде көмектестім. Алматы қаласында орналасқан филиалда барлық бағдарлама 5-студияда түсіріледі. Түсірілім барысын арнайы режиссер, продюсер, редактор, дыбыс режиссері жоғарыда пульттен бақылап отырады. Ал студияда операторлар бағдарламаны режиссердің бағыт-бағдар беруімен түсіреді. Жұмыс процесі мен үшін қызықты болды. Бір бағдарламаны жарыққа шығару үшін қаншама адам еңбек етеді. Бұл тұста ұжымның бірлігі мен қажырлы еңбегін айтпаса болмайды. Сонымен қатар, Abai TV-да «Мәдениет жаңалықтары» хабары бар. Дәл осы хабарда жүріп, әртүрлі түсірілімдерге қатысып, мол тәжірибе жинақтадым. Республикалық деңгейдегі мәдени шара, кітаптың тұсаукесері, әртүрлі концерт, кездесулерге куә болдым. Одан бөлек, өндірістік тәжірибе кезінде монтаж процесімен де таныстым. Монтаж барысында эфирге арналған уақытқа қарай бағдарламаның көлемін қысқартамыз. Себебі телеарнадағы әр эфирдің уақыты шектеулі.

    Жалпы маған телеарна жұмысы қатты ұнайды. Мұндағы әр күнің қайталанбайды. Себебі күнде жаңа ақпарат, әртүрлі түсірілімдер. Мені медиа әлемі қатты қызықтыра түсті. Алдағы уақытта өндірістік тәжірибемді «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Алматы қаласындағы филиалында жалғастырсам деген ойдамын. Бұл жер менің журналистикада шыңдалуыма мүмкіндік берген мықты мектеп болды. Журналистика – бұл менің таңдауым. Болашақта Бейсен Құранбек сияқты халық қамын ойлайтын журналист болуды мақсат етемін.

    Айгерім Есімхан,

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс студенті

    Ұсынымдар

    Өзен ластағандар жауапқа тартылды

    Өзен ластағандар жауапқа тартылды

    1 year ago
    «Таза өлке»: Қонаевта студенттер 30 қап қоқыс шығарды

    «Таза өлке»: Қонаевта студенттер 30 қап қоқыс шығарды

    1 year ago
    Кроссфит алаңы ашылды

    Кроссфит алаңы ашылды

    9 months ago
    Жастар – ел тірегі

    Жастар – ел тірегі

    9 months ago
    Жазғы маусымдағы қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    Жазғы маусымдағы қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    3 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.