-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бас жоспар – басты назарда

    25.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Бас жоспар – басты назарда
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

           Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен Қонаев қаласының Бас жоспарын талқылауға арналған жиын өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында өткен жылы облыс орталығының Бас жоспары бекітілді. Бұл істі әрі қарай жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдармен қатар белгілі сәулетшілер, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер мен қаланың белсенді азаматтары атсалысатын болады.

    Аймақ басшысы алдымен Қонаев қаласы облыс орталығы ретінде жаңа әкімшілік статусқа ие болғаннан кейін, шаһарды дамытудың жаңа стратегиясы айқындалғанын, енді ҚР Үкіметінің тиісті қаулысы негізінде ауқымды жұмыстар атқарылатынын атап өтті. Жоспарды іске асырудың есептік кезеңі 2050 жылға дейін жалғасады. Оған сәйкес, бұл мер­зім ішінде қала өңірдің заманауи көпфункционалды әкімшілік, қаржы және мәдени, өнеркәсіп-инновациялық, көлік-логистикалық, ғылыми-білім беру орталығына айналады деп күтілуде. Сондай-ақ қала Алматы агломерациясының инновациялық-индустриялық, азық-түлік белдеуі, мұнай, газ өңдеу және мұнай химиясы орталығына айналуға тиіс. Одан бөлек, жоспарда қаланың Алматы облысының басты туристік бағыттарының бірі – судағы демалыс орны және су спорты, туризм, аң мен балық аулау орталығы ретіндегі әлеуеті де ескерілген.
    Жиында Марат Елеусізұлы облыс орталығының Бас жоспарына қатыс­ты басқармалар тарапынан атқары­лып жатқан жұмыстарды бағамдады. Осы орайда шаһардың қарқынды дамуына, халықтың өмір сүру сапа­сын жақсартуға мүмкіндік беретін Бас жоспардың орындалу барысы талқыланды. Бас жоспар аясында инженерлік-инфрақұрылымдық жобаларды қарқынды жүзеге асыру көзделген.
    – Бас жоспардың негізгі мақсаты – оның барлық элементін өзара байланыстыра отырып, өнеркәсіптік-коммуналдық және рекреациялық аймақтарды ұтымды бөліп, жайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын құру. Жоспарда қаланың перспективалық шекарасына қосылатын елдімекендер мен тұрғын үй кешендері де ескеріледі. Қонаев қаласының Бас жоспары – елі­міз­дегі ең ауқымды жобалардың бірі. Ол облысымыздың экономикалық және әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізе­тіні анық. Сондықтан жоспар шеңберін­дегі инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстар мен инвестициялық жо­баларды әсте кешіктіруге болмайды. Ол үшін тиісті басқармалар өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарауы қажет, – деді Марат Елеусізұлы.
    Қаланы дамыту және жаңа мәдени-қоғамдық орталық салу үшін «Жаңа-Іле» алаңы таңдалып алынды. Онда әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, тұрғын үй, білім беру және рекреациялық нысандар салу көзделген.
    – Қазіргі таңда Қонаев қаласын кешенді дамыту жоспары бекітілді. Соған сай ескірген инфрақұрылымдық жүйелер жаңаруда. Мұнымен қоса «Жаңа-Іле» аймағына инфрақұрылым тарту мен жол салу жобалары дайын­далуда. Келер жылдан бастап ол маң­да нақты жұмыстар атқарылатын бо­лады. Бұл аумаққа қызығушылық та­нытып жатқан инвесторлар баршылық. Сонымен қоса қазір қала аумағында 51 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Қалалық жағажайда инженерлік желі­лер жүргізіліп, қала тұрғындары мен туристер үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Қонаевта №6 және №7 жа­ғажайлар абаттандырылады деп кү­тілуде. №8 жаға­жай инвесторлардың қаража­тына салынып, аттракциондар паркіне айналмақ. Қазір 53 әлеуметтік нысанның жобалық-сметалық құжат­тамалары жасалуда. Бұл нысандар келер жылдан бастап кезең-кезеңімен бой көтереді, – деді Қонаев қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Руслан Сайлаубайұлы. Соны­мен қатар жиында Бас жоспардағы басым бағыттарды жүзеге асыруда жаңа технологияларды енгізу, бірыңғай сәулеттік келбетті іске асыру тетіктері баяндалды.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты іс қозғалды

    Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты іс қозғалды

    7 months ago
    Алматы облысында ауылды дамытуға әйел басшылардың қосып жатқан үлесі

    Алматы облысында ауылды дамытуға әйел басшылардың қосып жатқан үлесі

    2 months ago
    Облыстағы білім саласына қатысты мәселелер талқыланды

    Облыстағы білім саласына қатысты мәселелер талқыланды

    2 years ago
    Президент: Мемлекеттің күші – ғылымда

    Президент: Мемлекеттің күші – ғылымда

    1 year ago
    Қойнауы құт Қарадала

    Қойнауы құт Қарадала

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.