-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Мал басы артты. Сапасы ше?

    03.06.2024
    in Ауыл шаруашылығы
    Мал басы артты. Сапасы ше?
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Жамбыл ауданының жері мал өсіруге қолайлы. Сол себептен болса керек, төрт түліктің барлық түрінің саны жылдан-жылға артып келеді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша мұнда егін егіп, мал өсіретін 4134 шаруа қожалығы бар.

    Жыл басынан бергі төрт айдың есебіне жүгінсек, ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 12,1 миллиард теңге, нақты көлем индексі 104,1 пайыз болып, облыс бойынша көш басынан көрінді. Малдың қазіргі  санын айтатын болсақ, соңғы мәлімет бойынша ауданда 150 мыңнан астам ірі қара, 1,4 миллион қой мен ешкі, 55 мың бас шамасында жылқы, 1700-ден астам түйе бар. Құс саны 600 мыңға жеткен. Биылғы төрт айда осы малдан 5 128 тонна ет өндіріліп, 11 835 тонна сүт сауылды, 38 миллион 874 мың дана жұмыртқа алынды. Мыңғыртып мал өсіру мен одан тұтынушыға табиғи таза өнім ұсынудан аудан осылайша алдыңғы орында тұр.

    Алайда мұндағы өзекті мәселенің бастысы – саннан сапаға өту. Бұл туралы  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аян Нұрпейісов былай дейді: «Жамбыл ауданы аграрлы аймақ саналады. Бұрыннан мал шаруашылығына бейімделген. Мал өсірудің ата-бабамыздан қалыптасқан дәстүрлі түрін заман талабына сай жетілдіруіміз керек. Сонда өнімділік қазіргіден еселеп артады. Мұны аудан әкімі Нұрлан Ертас үнемі ескертіп отырады. Яғни мал басын асылдандыру, заманауи мал бордақылау алаңдарын салу, сүт-тауарлы фермалар ашу, қолда бар шикізат өнімдерін өңдеу күн тәртібінде тұр», дейді.

    Расында солай. Мәселен, күніне 5-6 литрден ғана беретін төрт сиырдың орнына 20 литр сүт сауылатын асыл тұқымды біреуін ұстау экономикалық жағынан әлдеқайда тиімді. Сол сияқты, төлі тез жетілетін және етті іріқара, қой өсіру де анағұрлым пайдалы. Жүн өңдеп, тері илейтін кәсіпорындар іске қосылса, әбден құнсызданып, тіпті керегі болмай қоқысқа тасталатын қаншама шикізат табыс көзіне айналар еді. Қазір ауданда асыл тұқымды малдың үлесі әлі де төмен, ал жүн мен тері өңделмейді.

    Серік Сатыбалдиев,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Мерекеде полиция қырағылығын күшейтпек

    Мерекеде полиция қырағылығын күшейтпек

    2 years ago
    Жыл жеңімпазы

    Жыл жеңімпазы

    6 months ago
    Баспаналы болу – бір бақыт

    Баспаналы болу – бір бақыт

    7 months ago
    БАЛЫҚШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

    БАЛЫҚШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

    3 weeks ago
    Құрылысшылар құрметке бөленді

    Құрылысшылар құрметке бөленді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.