-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Мереке

    Мереке мереймен көмкерілді

    03.06.2024
    in Мереке
    Мереке мереймен көмкерілді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жайдары жаздың алғашқы күнімен ілесе келетін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін балғын сәби, балауса бүлдіршіндер мен жас жеткіншектеріміз әр жыл сайын асыға күтеді. Кеуделері қуанышқа толып, жүздерінде шаттық ойнайды. Бақыттың бесігінде тербеліп,көңілдері көкке самғайды.

    Жас ұрпақтың мерейлі мерекесін Райымбек ауданының барша халқы биыл да зор қуанышпен қарсы алып, көтеріңкі көңілмен атап өтті. Бүл күні аудан орталығындағы Б.Соқпақбаев атындағы жастар саяжайы балалардың шат күлкілері мен ата-аналардың ыстық ықыластарына толып, бұрынғысынан да ажарлана түсті. Сондай-ақ, мерекеге аудан, ауыл әкімдері, білім мен мәдениет, денсаулық саласы қызметкерлері, ұстаздар мен балабақша тәрбиешілері, мекеме басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері, әр ауылдан арнайы шақырылған үлкен-кішілер де ортақтасты. Ниет-тілектерін арнады.

    Мереке балалар күніне арналып сәнді де салтанатты безендірілген жаздық сахнада «Қарлығаш» балабақшасы мен үш мектептің оқушыларынан құралған әнсүйер жүректердің әуелете шырқаған «Бақытты балалық шақ» атты  хорымен басталды. Алғашқы құттықтау сөздің тізгінін аудан әкімі Берік Дүйсенбаев алды.

    – Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ертеңін ойлайтын мемлекет пен қоғамның да ойлайтын басты мақсаты – елге тұлға болатын білімді де парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Сондықтан бала қуанышын бақытына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор, – деген аудан әкімі балаларға қатысты ауданда атқарылып жатқан жұмыстар, жүйелі іс-шараларды да атап өтті.

    Ауданда балаға тәрбие мен білім беретін балабақша, мектеп және бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорт, өнер мектептері, балалар мен жасөспірімдер орталығы жұмыс істейді. Мұндай орталықтар барлық ауылдық округтерде де бар. Сүмбе мен Қызылшекара ауылындағы және Нарынқолдағы спорт кешендері қазіргі таңда жасөспірімдердің денсаулығының мықты, шымыр да шыныққан азамат болып қалыптасуына игі ықпалын тигізуде. Қарасаз ауылындағы 250 орынды өнер мектебінің ғимараты биыл тамыз айында беріледі деп жоспарлануда. Әрине, мұның барлығы да – балалардың болашағы үшін. Мұндай игілікті шаралар мұнымен тоқтап қалмай, жалғасын таба беретін болады. Жоспарлары жасалынған.

    – Халқымызда «Адам – ұрпағымен мың жасайды» деген қанатты сөз бар. Өсіп келе жатқан балаларымыз жақсы білім алып, келешекке нық қадам басуларына сенім білдіремін. Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар! Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін», – деген Берік Фатықұлы бұдан кейін аудандағы кәсіпкер азаматтардың балалар мерекесіне арнаған сый-сияпатын шараға әр ауылдан арнайы шақырылған жеткіншектерге ыстық ықыласымен табыстады. Құттықтаулары мен сәлемдерін жеткізді. Келесі кезекте сөз алған аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Балжан Омарова мен «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Гүлнәра Арипова да мейірімге толы тілек-ниеттерімен алқады, сыйлықтар үлестірді. Мерекеде ән мен күйге, мың бұралған биге, спорттық ойындарға да кеңінен орын берілді. «Ерке нұр» бишілерінің орыдауындағы «Хорезм биі», «Қарлығаш» балабақшасы  балдырғандарының мың бұрала билеген «Гүлдер биі», Тұманбек Әнел шырқаған «Бақыт деген», Қабделхалық Санжардың домырасының шанағынан төгілген «Балбырауын» күйі, мектептің оқушы қыздары билеген заманауи билер жұртшылықтың көңілін көтерді. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері де өз өнерлерімен баурады. Сөйтіп, «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі ыстық ықылас, әсем ән мен тәтті күй, шадыман шаттық, көкке самғаған көңілмен көмкерілді.

    Жұмабек Тұрдиев,

    Райымбек  ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа мектеп, ыстық тамақ, оқушылар автобусы

    Жаңа мектеп, ыстық тамақ, оқушылар автобусы

    2 years ago
    Имандылық әліппесін үйренді

    Имандылық әліппесін үйренді

    10 months ago
    Өндірісі өркендеген

    Өндірісі өркендеген

    2 years ago
    Үздіктер үміті үкіленді

    Үздіктер үміті үкіленді

    11 months ago
    Татулық тұғыры

    Татулық тұғыры

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>