-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Мобилографияның мүмкіндігі мол

    26.06.2024
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Мереке
    Мобилографияның мүмкіндігі мол

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    26
    VIEWS

    Заман ағымына сай медиа саласы жоғары қарқынмен дамып жатыр. Уақыт өткен сайын технологияның да түрлі тетіктері ашылып, ақпараттың да қысқа-нұсқа берілу көкжиегі кеңейе түскен. Міне, осы орайда бүгінгі медианы едәуір өзгеріске ұшыратқан нейросеть, SMM, таргетолог, мобилограф сынды аты да, заты да жаңа салалар ерекше серпін алуда.

    Қоғамдағы барлық бағыттың қозғаушы күші журналистика болса, оның ішіндегі аталмыш мамандықтарсыз бірде-бір ақпарат айтылмайтын күнге жеттік. Әрине, ұялы телефонның көмегімен-ақ өткен шаралар мен жиындардан нақты хабар беріп, оны бейнетүсірілім арқылы аз уақытқа сыйдырып көрсететін сала кімге болсын қолайлы. Бір сөзбен айтқанда, нарықтың қазіргі сұранысына тым қажет мобилография өнері  цифрландыру дәуірінің көшін бастап тұр.

    Әлеуметтік желінің қарымы артқан уақытта мобилография саласының да артықшылығы байқалуда. Әлеужелінің сұранысына сай 4-5 минуттан аспайтын бейнетүсірілімнің ішіне мәнді де мағыналы, сәнді де сырлы дүниені сыйғызу шынымен де нағыз мықтының қолынан келсе керек. Бірінен-бірі өтіп, еріксіз еліктіріп әкететін талай туындыны көзіміз көріп жүр. Міне, соның бәрін алақандай ғана смартфонның көмегімен үзік-үзік шолу арқылы беретін креативті мобилографтардың еңбегі өлшеусіз десек қателеспегеніміз. Замана көшінен қалмауға тырысатын қоғам үшін, өз өнімін сапалы әрі тез жариялауды қалағандар үшін мобилография шынымен де мол мүмкіндік.

    Тосын жаңалықтар туғызған мобильді журналистиканың тек шетелде ғана емес, Қазақстанда да кең етек алғаны қуантады. Мобилография саласының авторы ресейлік суретші Дмитрий Резван болса, оны Қазақстанға алып келген – кәсіпқой мобилограф Қыран Талапбек. Оның түсірген дүниелеріне, материалдарының көркемдігіне еліктеген жастар мобилографияның мүмкіндіктеріне қол жеткізіп келеді. Олай дейтініміз, Қыран Талапбек мобилографтар үшін арнайы курстар ашып, олардың өз дарынын одан ары жетілдіруіне мүмкіндік жасауда. Аталмыш курсты оқып, бүгінгі таңда журналистика саласына жол салып, үздік мобилограф атанған Дамир Нұрқасым жайлы айта кеткенді жөн көрдік. Көз алдына ұшырасқан әр бейнеден әсемдік көре білетін Дамир бүгінгі таңда бейнетаспалауға әбден дағдыланып алған. Аталмыш салаға ат басын бұрмас бұрын да табиғаттың тамашасын, күн шығып, батқан сәттерді бірден шырт еткізіп ұялы телефонына түсіріп алуды өзінің хоббиі іспетті қабылдаған. Кейіннен өзі қалаған бағытты жетілдіруді қолға алып, арнайы курсқа барып, дарынын арттырып, мобилограф саласының маманы атанған. Әлеуметтік желілерде де арнайы парақша ашып, өзі көре білген тамаша сәттерді көпшілік назарына ұсынып келеді. Ол бүгінгі таңда «Өлке тынысы» ЖШС-да бейнетаспалау бағытындағы арнайы қызметкер. Оның айтуынша, елімізде мобилография саласы соңғы 2-3 жылда жоғары қарқынмен дамып келеді. Тіпті, мобилографтар үшін арнайы республикалық, халықаралық байқаулар да ұйымдастырылып, аталмыш салаға үлкен көңіл бөлінуде екен. Ол өз сөзінде:

    – Қазіргі уақытта мобилография саласы сұранысқа өте ие мамандық Тіпті жақсы табыс әкелетінін де жасыра алмаймын. Мен де заман ағымына сай, әлеуметтік желілер дамытып, медиа бағытында жанданып жатқан жаңа салаға бет бұрдым. Мобилографияға қызығушылық болмаса, оған дендеу өте күрделі, өте қиын екенін де айтқым келеді. Бейнетүсірілімдер аз ғана уақытқа сыйып таспаланғанымен, аса жоғары ыждаһаттылық пен терең шығармашылық ізденісті талап етеді. Осы орайда сабырлы әрі төзімді болуға тиіссің. Табысына қызығып, мобилограф атанғысы келетіндердің қатары көп. Бірақ менің ойымша мобилограф болу үшін адам бойында ұшқыр қиял, болмашы дүниенің өзінен өзгеше сұлулық көре білер қабілет, талғампаздық қасиет, сергектік пен үлкен еңбекқорлық қажет. Мобилография саласына серпін берер құралдардың да ерекшелігін айтып өткім келеді. Мәселен, қазіргі уақытта ұялы телефонмен түсіру үшін де оны ұстап тұратын құрылғының оңды-солды қимылдауы маңызды. Жерді құс биіктігінен тамашалайтын дрон аппараты арқылы да керемет сәттерді қалт жібермей түсіріп алу мүмкіндігі бар. Жалпы айтқанда бейнеоконтент жасау сүйікті ісіме айналды, – деп өз ойын ашық білдірді.

    Аталмыш салада Дамир сынды жетістікке жетіп жүрген жастардың қарасы қалың. Бұл осы бағыттың болашағы баянды екенін, жастар үшін келешектің кілтін ұстар мамандық болып саналатынын аңғартады.

    Құралбек Сәбитов

    Ұсынымдар

    Сандық технология – сапалы білім негізі

    Сандық технология – сапалы білім негізі

    10 months ago
    Жас балуандар республикада топ жарды

    Жас балуандар республикада топ жарды

    6 months ago
    Алматы облысында мүгедектігі бар сайлаушылар қалай дауыс береді?

    Алматы облысында мүгедектігі бар сайлаушылар қалай дауыс береді?

    2 years ago
    Қонаевта “Достық” аллеясы ашылды

    Қонаевта “Достық” аллеясы ашылды

    3 months ago
    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>