⛅
5°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home БАҚ

    Қаламгерге құрмет

    28.06.2024
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Мереке
    Қаламгерге құрмет
    0
    SHARES
    31
    VIEWS

    Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Қазақстан Журналистер одағының шешімі бойынша, саналы ғұмырын журналистика саласына арнаған аға буын өкілі Дәулет Желдікбаевқа “Қазақстанның Құрметті журналисі” төсбелгісі берілді. Аталған марапатты Қазақстан Журналистер одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Гүлжан Қызайбай, “Өлке тынысы” ЖШС директоры Кәдірбек Құныпияұлы, облыстық “Алатау арайы” газетінің бас редакторы Қуаныш Тұнғатар қаламгерге табыстады.

    Дәулет Желдікбаев 40 жылдан астам Нарынқол аудандық “Советтік шекара” газетінде жемісті еңбек етті. Жауапты хатшы, редактордың орынбасары және бас редактор қызметтерін абыроймен атқарды. Әлнұр Мейірбеков секілді көсемсөз шебері атанған ардагерлердің сенімін ақтап, Мұқағали Мақатаев жұмыс істеген аудандық газеттегі міндеттерді мінсіз орындады. Сағат Әшімбаев, Баққожа Мұқаилардың тырнақалды шығармаларын аудан оқырмандарымен қауыштырды. Атақты ақын Еркін Ібітановпен бір шаңырақта тізе қосып еңбек етті. Ардагер журналистен тәлім алған інілері баспасөздің марқасқаларына айналды.

    Қазір жасы 86-ға келген қадірменді қария Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында тұрады. Зайыбы Айман апа екеуі ұл-қыздарының, олардан өрбіген ұрпақтарының бақытына кенелуде. Бүгінгі ізбасарларының елеп-ескергеніне риза болған қария, әріптестеріне, ел-жұртына ақ батасын арнады.

    Соңғы жаңалықтар

    Жарық пен шабыттың қайнар көзі
    06.03.2026
    Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп базасында «Stop Coruption» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚОСӨЗЕН АУЫЛЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ БАЙСЕРКЕ АУЫЛЫНДАҒЫ №12 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>