-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарғалының қолы шипа жандары

    14.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Қарғалының қолы шипа жандары

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    50
    VIEWS

    Жамбыл ауданында көлемі жағынан Ұзынағаштан кейінгі ірі елдімекен Қарғалы ауылы. Мұндағы халық саны 35 мың адам шамасында. Осындағы аурухананың ғасырдан астам тарихы бар.

    Сонау 1922 жылы Қарғалы ауылында алғаш шағын ғана фельдшерлік қосын болып ашылған денсаулық сақтау орны уақыт өте кеңейіп, ауруханаға айналған. Соған сай тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің де түрі көбейіп отырған. Халық санының артуымен бірге өткен ғасырдың жетпісінші жылдары бірнеше корпустан тұратын үш қабатты үлкен ғимараты салынып, тек Қарғалы ғана емес, оған қоса жақын маңдағы бірнеше елді мекен тұрғындарына да қызмет көрсеткен. Ауылдық аурухана осы ғасырдың басында аудандық мәртебе ие болып, «Қарғалы ауылындағы аудандық аурухана» болып аталды.

    Ұжымды біліктілікпен басқарған Еңбек Ері Әлібек Ысқақовтың жақсы істерін кейінгі толқын жалғап, дәрігерлік антына адал ақ халатты абзал жандар тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Әлемге жайылған аты жаман індетпен күрес кезінде бұл емханада жұқпалы аурулардың таралуына жол берілмеді. Сол кездері абыроймен басшылық еткен бас дәрігер, марқұм Сертай Сағиевтің игі бастамаларын бүгінде оның орнына келген Дархан Сыбанбаев лайықты жалғастыруда.

    Қарғалы ауылындағы аудандық ауруханада терапия, жансақтау, перзентхана, зертхана бөлімдеріне қоса хирургия, травматология, оңалту бөлімдері ашылып, заман талабына сай қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруда.

    Терапия бөлімінде кәсіби білікті мамандар еңбек етеді. Бөлімді 2006 жылдан бері басқаратын Нәзира Алланазарова жайлы емделушілер жақсы пікірде. Мәселен Үмбетәлі ауылының тұрғыны Рыскүл Манасова мұндағы медицина қызметкерлерінің жұмысына ризашылығын білдірді. Айтуынша, арбаға таңылған қызы Балауса осында ем алуда, қажетті тексерулерден өткізіп, қажетті ем-дом жасап, оған жақсы қызмет көрсетуде.

    Бүгінгі күні жүкті әйелдердің денсаулығын қадағалау, нәрестенің дүниеге аман келуіне деген қамқорлық пен жауапкершілік жүгі үлкен. Терапия бөліміне көбінесе жас аналардың қан аздығы, бүйрек жеткіліксіздігі, қан қысымының жоғары болуы сияқты басқа да аурулардан сақтануға көп түседі. Мұнда оларға барлық жағдай жасалған. Бөлімдегі кардиолог Әйгерім Доғдырбекқызы, аға медбике Гүлмира Дайрабаева, мейіргерлер – Халияш Истлеуова, Гүлжайна Қосалықова, Гүлбану Келісова, Наргиза Шакирбаева, Ирада Алиева күн-түн демей емделушілерге мінсіз қызмет көрсетіп, ерекше ықыласына бөленіп жүр. 35 төсектік орын бар бөлімде жылына мыңнан астам адам ем алады.

    Осы бөлім мамандарының әлемге тараған Тәжтажал кеселімен күрескен кездеріндегі еңбектері мақтауға тұрарлық. Бірлігі бекем ұжым таңға көз ілмей, ауа жетпей қысылып, өлім мен өмірдің арасында арпалысқан аурулардың жанында болғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Осы орайда аудан тұрғыны, запастағы офицер Саламат Сүгірұлы былай дейді:

    – Ковид кезінде бөлім қызметкерлері жанкешті жұмыс істегенін ұмытпауымыз керек. Өкпемнің 90 пайыз зақымдануымен түскен едім, хәл үстінде жатқанымнан осындағы мамандардың біліктілігінің арқасында айықтым. Дәрігерлер мен медбикелерге қоса тазалықшы Алтынай Сабурова, Мария Сейітмұратова, Айгүл Бекмұратова, Нұржамал, Зәуренің де еңбектері алғысқа лайық. Алғыс – адамның жүрегінен шығатын ерекше ыстық сезім. Бір ауыз сөз көңіліңді көркейтеді, мейіріңді шалқытады. Тіпті, әрдайым алғыс алған жанның өмірі ұзаратын болар. Қысқа ғұмырда алғыс арқалап, ар алдында таза болғанға не жетсін! Қарғалының қолы жеңіл, сөзі шуақты жандарына денсаулық тілеймін!-дейді.

    Қарғалы ауруханасының директоры Дархан Сыбанбаевтың айтуынша, елімізде коронавирус өршіген сол кездері бұл ауруханада арнайы 70 төсектік орын жасақталып, мұндағы қызметкерлер көптеген жанға сапалы дәрігерлік көмек көрсеткен. Қазір мұндағы   перзентханада жылына мыңға жуық сәби өмірге келеді. Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлініп,  қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

    Серік Сатыбалдиев,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Будапешт шайқасының батыры

    Будапешт шайқасының батыры

    1 month ago
    «Самға» – қанатын қайта қомдаған саңлақ

    «Самға» – қанатын қайта қомдаған саңлақ

    5 months ago
    Есік пен Талғардың арасында қоғамдық көліктер қайта жүре бастады

    Есік пен Талғардың арасында қоғамдық көліктер қайта жүре бастады

    2 years ago
    Алматы облысының бюджетіне өзгерістер енгізілді

    Алматы облысының бюджетіне өзгерістер енгізілді

    2 years ago
    Күш құрылымдары қызметкерлері арасында марафон өтті

    Күш құрылымдары қызметкерлері арасында марафон өтті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>