-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Қытаймен ынтымақтастықты нығайту: «ЭКСПО Үрімші – 2024» көрмесінде

    27.06.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Экономика
    Қытаймен ынтымақтастықты нығайту: «ЭКСПО Үрімші – 2024» көрмесінде
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған делегация құрамында Өңіраралық ынтымақтастықтың ІІІ форумы мен 8-ші халықаралық «Қытай-Еуразия» ЭКСПО көрмесіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына ресми сапармен барды.

    Екіжақты кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын ШҰАР партия комитетінің хатшысы Ма Синьжуй Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге ҚХР-ға сапарының бірінші күнінде ұсынды.
    Кездесу барысында тараптар туризм, темір жолды дамыту, жаңа шекаралық өткелдер салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және оның көлемін арттыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

    «Қазақстан-Қытай тауар айналымының жартысына жуығын ШҰАР құрайды, өйткені ол – Қазақстанның Қытайдағы негізгі серіктесі. Өңіраралық ынтымақтастықты іс жүзінде кеңейту айтарлықтай өсуде. Ең перспективалы бағыттар: көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, инвестициялық ынтымақтастық, сауда кедергілерін жою және қолайлы сауда режимін жақсарту, туризм» – деп, атап өтті Серік Жұманғарин.

    26 маусымда Қазақстан Республикасы мен Қытайдың өңіраралық ынтымақтастығын дамытуға арналған «ЭКСПО Үрімші-2024» форумында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін қытайлық әріптестермен диалогқа белсене қатысып, өзара іс-қимыл мәселелері мен әлеуетті жобаларды талқылады.

    «Кейінгі жылдары Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып отыр», – деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

    «Біздің өңір де бұл үдерісте белсенді рөл атқарады. Алматы облысында тауар айналымының 324,1 млн. АҚШ доллары Қытай Халық Республикасына келеді. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында экспорт үлесі екі есе өсті. Экспорт құрылымында азық-түлік тауарлары басым. Облыста 110-нан астам бірлескен кәсіпорын бар. Өз кезегінде Алматы облысы Орталық Азиядағы маңызды көлік дәлізі бола отырып, халықаралық танымал жобаға айналған «Бір белдеу – бір жол» экономикалық бастамасын одан әрі жүзеге асыруға ерекше мән береді», – деді аймақ басшысы.

    Сапар барысында облыс әкімі өңіраралық байланысты нығайтуға және бірлескен жұмыстың жаңа мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулерге жиырмадан астам қазақстандық бизнесмендер де қатысып, екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға белсенді қызығушылық танытты. Шара барысында энергетика және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылып, көлік секторы, құрылыс, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы бірлескен жобалардың келешегі талқыланды.

    Форум интеграциялық үдерістер мен аймақтар арасындағы экономикалық байланысты тереңдетудің маңызды алаңына айналды.

    Ұсынымдар

    Адам саудасы алаңдатады

    Адам саудасы алаңдатады

    10 months ago
    “Шошқалы сай” жобасы бойынша қандай нысандар салынады?

    “Шошқалы сай” жобасы бойынша қандай нысандар салынады?

    1 year ago
    Озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек – Президент

    Озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек – Президент

    1 year ago
    Бастамаға  қолдау көрсетті

    Бастамаға қолдау көрсетті

    8 months ago
    Ақ күріш – Балқаш байлығы

    Диқандар еңбегі ақталды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.