-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Татулығы жарасқан

    17.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Татулығы жарасқан
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Нарынқол ауылындағы Б. Мұқай атындағы Райымбек аудандық Мәдениет үйінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында аудандық ішкі саясат бөлімі мен аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ене, қыз, келін» атты байқау өтті.

    Аталған шара ене мен келін арасындағы сыйласымды қарым-қатынасты дамыту, сол арқылы ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету, отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, халқымыздың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртуға арналды.

    Байқауға әр ауылдық округтен бір-бір отбасының мүшелері қатысып, «Мен қазақтың анасымын, қызымын, келінімін», «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты тақырыптар бойынша өнерлерін ортаға салды. Олар ене мен келін және қыздың отбасындағы алатын орнын, қадір-қасиетін ұлттық нақыштағы сахналық қойылымдар арқылы көрерменге ұсынды. «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!», «Қызға қырық үйден тыю», «Әйел – отбасының берекесі мен мерекесі, алтын діңгегі», «Қыздың бағы – түзден», «Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет» сияқты ежелден қалыптасқан ұлағатты ұғымдардың мән-маңызын барынша ұғынықты жеткізуге тырысты. Келін түсіру, келінді төркіндету, қыз ұзату сияқты ұлттық дәстүрде ана мен ененің атқаратын рөлі де қойылымдардың өн бойына өрнек болды. Сайысқа қатысушылар ене, қыз, келінге қатысты ситуациялық сұрақтарға өз ойларын ортаға сала отырып жауап берді. Өздері жасап әкелген ою-өрнекпен әдіптелген сырмақ, құрақ көрпе, жастық, көпшік сияқты ұлттық қолөнер бұйымдары мен балды бармақтарымен жасаған дәмі тіл үйіретін ұлттық тағамдарды паш етті.

    Шара барысында үміткерлердің қаншалықты дайындықпен келгендігі, жетістік-кемшілік көрермендердің де, қазылар алқасының да назарынан тыс қалған жоқ. Бұл жөнінде шараға қазылық жасаған ішкі саясат бөлімінің басшысы Жәмилә Қоқымбаева мен аудандық аналар кеңесінің төрағасы Балжан Омарова ойларымен бөлісті. Алдағы уақытта да ұлттық мүддеге қатысты мұндай шаралар жалғасын табатынын, оған қатысушылар жан-жақты дайындықпен келулерін ескертті.

    Сайыстың қорытындысы бойынша, Нарынқол ауылынан қатысқан «Ыстық ұя» отбасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Ұлттық дәстүрді насихаттауға барынша мүдделілік танытқан Жамбыл ауылының «Шуақ» атты отбасы екінші орынды иеленсе, Шалкөде ауылынан келген Құтпанбаевтар әулеті үшінші орыннан көрінді. Сарыжаздық Нәсеновтер, текестік Байсақаловтар, қайнарлық Әкебаевтар, сүмбелік Сайрабековтер әулетінің өнерлері де байқау талабын қанағаттандырып, ынталандыру жүлделеріне ие болды. Жеңімпаздар дипломдар мен Мақтау қағаздарына, арнайы жүлделер мен заттай сыйлықтарға ие болды.

    Заман алға озып, уақыттың тамыр соғысы сан құбылып тұрған бүгінгі таңда ағайыншылық, үлкендер мен жастар, әке мен шеше, ене мен келін, қыз бен жеңге арасындағы сыйласымды қарым-қатынас, мейірім, қайырым, сүйіспеншілік, бауырмалдық сияқты адами  құндылықтар алаңдаушылық тудырып отырғаны жасырын емес. Мұндай керағарлық ұрпақ тәрбиесінің құнсыздануына, жастар арасында қылмысты оқиғалар белең алып, ажырасу секілді ұлтымызға жат әдеттердің өмірімізге дендеп енуіне жол ашып отырғанын жоққа шығара алмаймыз. Көзге қораш, көңілге кірбің ұялататын келеңсіздіктерге тосқауыл қою мақсатында осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, оның тағылымы да мол болатынын айтқан орынды.

    Жұмабек Тұрдиев,

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында вирусты «А» гепатитімен сырқаттану деңгейі жоғары

    Алматы облысында вирусты «А» гепатитімен сырқаттану деңгейі жоғары

    2 years ago
    Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

    Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

    8 months ago
    Облыста діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

    Облыста діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

    2 years ago
    Цифрлық көшірме жобасы қауіпсідікті күшейтпек

    Цифрлық жүйе жетілдіріледі

    11 months ago
    Алтай Көлгінов: Облыстағы саяжай мәселесін “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы бойынша шешуге болады

    Алтай Көлгінов: Алматы облысында білім сапасы төмен

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.