-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Все новости Спорт

    Теңге ілуден топ жарды

    12.06.2024
    in Спорт
    Теңге ілуден топ жарды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Талғар ауданы Панфилов ауылындағы «Қобыланды» ипподромында 9-11 маусым күндері ұлттық спорт – теңге ілуден алғашқы Азия чемпионаты өтті. Қыркүйек айында Астанада жалауын көтеретін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында ұйымдастырылған халықаралық жарыста  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Ресейден келген  спортшылар бақ сынады.

    Дүбірлі доданы Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков ашып, аттың құлағында ойнайтын шабандоздарға сәттілік тіледі.

    – Бүгінгі күн өңіріміз үшін ерекше және тарихи сәт болып тұр. Бізді бір арнаға тоғыстырған ұлттық спорт түрі – теңге ілуден Азия чемпионатының салтанатты ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Оның бір айқын дәлелі – биылғы жылдың ең дүбірлі додасының бірі, Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Бұл еліміздің ұлттық идеологиясын, дәстүрін, тарихын әлемге паш ететін ауқымды іс-шара болмақ, – деді ол.

    – Чемпионатта 10 елдің спортшылары теңге ілудің үш стилі: «Бес белес», «Қос құлаш» және «Жеті құт» бойынша сынға түсті. Азия чемпионатын өткізудегі мақсатымыз – ұлттық ойынымызды өзге елдерде танымал ету. Бүгінде Қырғызстан мен Моңғолияның спортшылары жақсы ойын өрнегін көрсетіп, біздің спортшыларымызға басты бәсекелес болды, – деді ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Байбөриев.

    Сонымен, теңге ілу спортынан өткен алғашқы Азия чемпионатында «Бес белес» стилі бойынша отандасамыз Ғалымжан Ізжанов жеңімпаз атанса,  екінші орынды Монғолиядан келген спортшы Айболат Ұнатхан, ал үшінші орынды қырғызстандық Асхат Талайбеков иеленді.

    «Қос құлаш» стилінде бас бәйгені Қазақстан спортшысы Рахат Қамбаров қанжығаға байласа, Қырғызстаннан келген Алый Назаровқа – екінші,   өзбекстандық Азизбек Закиржановқа – үшінші бәйге бұйырды.

    «Жеті құт» стилінде де тағы бір жерлесіміз Бақыт Төлтай үздік нәтиже көрсетсе,  екінші орын – монғолиялық спортшы Серік Жеңісбекке, ал үшінші  орын – Өзбекстаннан келген Қодиржон Егембердиевке бұйырды.

    Азия чемпионатында қазақстандық команда абсолютті чемпион атанды. Ал Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Рахат Қамбаров сайыстың үздік теңге ілушісі атағын иеленді.

    Жарысты ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, Алматы облысы әкімдігі, ұлттық ат спорты орталығының қолдауымен республикалық теңге ілу федерациясы ұйымдастырды. Алғаш рет өткен Азия чемпионаты қарсаңында Теңге ілуден халықаралық федерация құрылғанын да айта кеткеніміз орынды болар. Оның негізін Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Венгрия елдерінің ұлттық федерациялары құрады.

    Құтмағамбет Қонысбай,

    Талғар ауданы

     

    1 of 9
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    9.

    Ұсынымдар

    Балаларды есірткіден сақтандыру керек – ІІМ

    Балаларды есірткіден сақтандыру керек – ІІМ

    1 year ago
    Сарыжазым – атамекенім

    Сарыжазым – атамекенім

    5 months ago
    Еліміздегі кітапхана саласын дамыту жайы талқыланды

    Еліміздегі кітапхана саласын дамыту жайы талқыланды

    2 years ago
    Жастар неге «Tik Tok»-қа әуес?

    Жастар неге «Tik Tok»-қа әуес?

    6 months ago
    Су тарифі тұрақталады

    Су тарифі тұрақталады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.