-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Өтініштер ескерусіз қалмайды

    26.06.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы, Партия
    Өтініштер ескерусіз қалмайды
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалында өңір тұрғындарының талап-арызы тыңдалды. Қоғамдық қабылдау өткізген  облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов жеке қабылдауға жазылған азаматтардың өтінішіне құлақ түрді. Шешімін таппаған мәселелер талқыланып, жауапты мамандардың сөзі тыңдалды. Қабылдауға облыстық басқарма басшыларымен онлайн режимде аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

    Жиында алдымен бейнебайланысқа шыққан алыс аймақтағы тұрғындардың сұрағы қарастырылды. Ұйғыр аудандық мәслихат депутаты Айдос Иманалиев «Көкпек – Шонжы, Шонжы – Көктал» республикалық жолдарының 2023 жылы атқарылған жөндеу жұмыстарының аяқсыз қалғанын алға тартты. Оның айтуынша, жартысы ғана жасалған күре жол қазіргі уақытта қайта нашарлап кеткен көрінеді. Осы орайда Айдос Ырысбекұлы қайта бұзылған жолға толық күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді өтініп,  оған қаражат бөлуді сұрады. Бұл ретте Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Дастан Құдабаев сөз алып, аталмыш аймақта былтыр 4 шақырым жол жасалғанын, қазіргі таңда жалпы 30 шақырымды жөндеу үшін құжаттардың дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ биыл қосымша осы жолдың 11 шақырымы жасалуы тиіс екенін, бұл ретте мердігер компания жұмыс атқарып жатқанын тілге тиек етті.  Бұл мәселе төңірегінде сөз алған Алмас Сұлтанұлы республикалық жолдарды орташа жөндеуге мемлекет қазынасынан қомақты қаражат бөлінгенін, оның ішінде Көкпек – Шонжы, Шонжы – Көктал жолының да барын атап өтті. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу үрдістері жүргізіліп жатқанын айтып, жұмыс сапасы республикалық деңгейде бақыланатынын баяндады.

    Келесі мәселе бойынша Кеген ауданының тұрғыны Руслан Дәрімбеков сөз алып, ауыл шаруашылығындағы басты проблемалардың бірі – егін егу, жинау және маусымаралық жұмыстарға қажетті техникалардың жетіспеуі екенін алға тартты. Аудан тұрғындары лизингтік несиеге техника алу үшін бастапқы 25 пайызын төлеуге мәжбүр екенін айтып, аталмыш қаржы кез-келген тұрғынның қалтасын көтере бермейтінін жеткізді. Сол себепті лизингтік несие алу үшін алғашқы 25 пайыздық төлемді төлемей алу жолын қарастыруды сұрады. Тұрғынның сауалына жауап берген облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов Ауылшаруашылығы министрлігі ұсынған жеңілдетілген лизинг бағдарламасы жайлы толық түсіндірді. Ол өз сөзінде:

    – Сіз аталмыш жеңілдетілген несие бойынша «КазАгроФинанс»АҚ мекемесі арқылы 5 пайызға 7 жылға отандық техника ала аласыз. Ол үшін «КазАгроФинанс»АҚ-ның телеграм каналында арнайы бот арқылы өз өтінішіңізді тастап, 5 күннің ішінде құжаттарыңызды тапсырасыз. Келісімшарт негізінде алдын-ала төлем ретінде тек 10 пайызын құясыз. Оны техниканы алғаннан кейін желтоқсан айына дейін төлеуге мүмкіндігіңіз бар, – деп тұрғынның сауалына тұщымды жауап берді.

    Келесі сұрақ та Кеген аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сабыр Досымбековтің тарапынан жолданды. Қария магистралды Құмтекей каналына қазіргі таңда күрделі жұмыс жүргізіліп жатқанын, соған орай жер пайдаланушылар былтырдан бері канал арқылы бір тамшы су ала алмай отырғанын тілге тиек етті. Осыған сәйкес суармалы егістіктерді пайдалану өз мәнінде болмай, көптеген шаруа қожалығы мен ірі кәсіпорындар ауылшаруашылық дақылдарын еге алмай алаңдап отырғанын алға тартты. Қарияның сауалына облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Аят Сәбитов жауап берді. Ол қазіргі таңда жоба толық өзгертіліп жатқанын, тексеру нәтижелері шыққан соң, тамыз айынан бастап құрылыс жұмыстары қайтадан қарқын алатынын, жұмыс толық аяқталмайынша су берілмейтінін ашып айтты.

    Қабылдауға Еңбекшіқазақ ауданынан келген Арызгүл Қасымова  үлкен бизнестің салдарынан қиын жағдайға тап болғанын тілге тиек етті. Ол 2022 жылы «КазАгроФинанс»АҚ  мекемесінен лизингке 88 250 000 теңге тұратын  ESSIL КЗС-740 комбайнын алғанын, бірақ 2023 жылы 16 шілдеде жұмыс барысында комбайннан өрт шығып, сөндірушілер келгенше техника толық өртеніп кеткенін жеткізді. Бұл жағдай бойынша тез арада лизинг беруші және сақтандырушы компанияларға хабар берсе де мойнында техниканың құнын толық төлеу міндеті тұрғанын айтты. Тіпті сотқа тартылып, сот шешімі бойынша жеңіліс тапқан.

    Шағымданушының сауалына жауап берген Алмас Сұлтанұлы мен «КазАгроФинанс»АҚ-ның Алматы облысындағы өкілі қарапайым еңбек адамын қолдайтынын жеткізіп, жауапты мекемемен тағы да келісімге келу жұмыстарын жүргізетінін алға тартты.

    Қоғамдық қабылдауға келген Жамбыл ауданы Беріктас ауылының бір топ тұрғыны жайылымдық жер мәселесін көтерді. Олар ауылға тиесілі таулы аймақтағы мыңдаған гектар жаздық жайылым жерлер өзге тұлғаға рәсімделіп кеткенін айтты. Аталмыш аймақты «Дегерес и С» ЖШС иелігінен Беріктас ауылдық округінің жер қорына қайтаруын сұраған тұрғындарға облыс әкімінің орынбасары тұщымды жауап берді. Алдымен Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұрысбекұлына «Дегерес и С» ЖШС жұмысын тексеріп, жердің пайдаланылған, пайланылмағанын білу қажеттігін тапсырды. Егер заңсыздықтар болса қатаң қаралатынын да қадап айтты.

    Жиынды қорытындылаған Алмас Батанов көтерілген сұрақтардың маңызды екенін айтып, барлығының оңды шешімі табылатынын жеткізді.

    Құралбек Сәбитов,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Іле өзенінің бойы қоқыстан тазартылды

    Іле өзенінің бойы қоқыстан тазартылды

    2 months ago
    Тұрақтылық ең үлкен маңызға ие

    Тұрақтылық ең үлкен маңызға ие

    1 year ago

    ХХ-ғасыр басындағы Қазақстан қалаларының даму мәселелері талқыланды

    2 years ago
    Бірлескен жобалар өңір әлеуетін арттырады

    Бірлескен жобалар өңір әлеуетін арттырады

    11 months ago
    Ауылдың рухани айнасы

    Ауылдың рухани айнасы

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.