-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Тарих

      Ұрпақ ұмытпасын десек…

    17.06.2024
    in Тарих
      Ұрпақ ұмытпасын десек…
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі жастарды рухани-адамгершілік, әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді. Биыл бұл шаралар Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығын және Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығын мерекелеу аясында өтті.

    «Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарындағы ерлігі» тақырыбындағы «Батыр баба тарихы» викторинасы 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында өтті. Жарысқа 30 команда қатысты. Зияткерлік ойынның финалына «Көлік және коммуникациялар жоғары колледжі», «Астана халықаралық университетінің» педагогикалық колледжі», З.Г.Мырзағұлова атындағы жоғары «Даналық» медициналық колледжі, «М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледж», «Шипагер» медициналық колледжі, «Сервис және туризм колледжі» командалары шықты.

    Викторинаның финалы 2024 жылдың 26 ​​сәуірінде өтіп, онда колледж студенттері өз командаларына белсенді қолдау көрсетті. Зияткерлік ойынның жеңімпаздары кубоктармен, құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    «Atamnyn Amanaty» ұйымының атына мұндай викторинаны өткізу қажеттілігі туралы жастардан да, колледж оқытушыларынан да көптеген оң пікірлер мен ұсыныстар келіп түсті.

    Сонымен қатар, 2024 жылдың 22 мамырында Астана қаласындағы Достық үйінде «Аталар аманатына адалмыз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған аты аңызға айналған батырлардың ұрпақтары – Лира Нұрмағамбетова мен Дәурен Қошқарбаев, белгілі ғалымдар мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.

    Орта арнаулы оқу орындары мен «Атамның аманаты» қоғамдық ұйымы арасында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бойынша қол қойылған меморандумға сәйкес, 2022-2024 оқу жылында белсенді қызмет атқарған колледждер Кеңес Одағының Батыры – қазақстандықтардың ерліктері туралы баяндамалар дайындады.

    Бұл шара ұрпақ сабақтастықтығының символына айналып, жастардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайта түскеніне сенімдіміз.

    Астанадағы Триатлон паркте өткен  5 және 10 шақырымдық жарыс Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қақарманы Рахымжан Қошқарбаевтың жүз жылдық мерейтойы аясындағы бір айтулы шара болды.

    Жарыс «Atamnyn Amanaty» ҚБ мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйытқы болуымен ұйымадастырылды.

    Оған Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның мыңға жуық әскери қызметшілері мен төрт жүзден астам кәсіби желаяқтар мен спорт әуесқойлары қатысты.

    Марафонға қатысушыларды «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов құттықтады:

    – Спорттық шараларды атақты жауынгерлерді еске алу жақсы дәстүрге айналды. Өткен жылы тура осы жерде екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бегелдиновке арналған жарыс өткен еді. Бүгінгі жарыс аты аңызға айналған батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың жүз жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Осы аламанға қатысу – олардың ғасырлар бойы жасай беретін ерліктеріне деген тағзым мен құрмет.

    Бұған дейін, 2024 жылдың 31 мамырында бірлестік Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің Ақмола гарнизонында орналасқан 68655 әскери бөлімінде елордалық студенттерге арналған «Ашық есік күнін» ұйымдастырған. Онда болашақ отан қорғаушылар сарбаздардың тұрмыс жағдайын өз көздерімен көріп, салтанатты әскери ант қабылдауға куә болған, қару-жарақ пен әскери техника түрлерімен танысқан.

    Бұл іс-шара жастар арасында әскери қызмет мәртебесін көтеруге, патриоттық сезімдерін дамытуға ықпал етті деп ойлаймыз.

    «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі

    Ұсынымдар

    Алқапты аралады

    Алқапты аралады

    8 months ago
    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    Пікір білдіргім келеді…

    9 months ago
    Ақыл-ойдың ойыны

    Ақыл-ойдың ойыны

    2 years ago
    Тұрғындар өтініші тыңдалды

    Тұрғындар өтініші тыңдалды

    1 year ago
    Алматы облысында ғылыми-практикалық семинар өтті

    Алматы облысында ғылыми-практикалық семинар өтті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.