«Таза Қазақстан» республикалық акциясы ауданда әлі де жүргізілуде.
Бүгін, яғни 4 шілде күні аталған акция аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тағы да жалғасын тапты.
Олар Нарынқол ауылының кіре берісіндегі Байынқол өзенінің жағалауын әртүрлі күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Акция әлі де жалғасуда.