-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Электронды сауда үлесі артады

    06.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Энергетика
    Электронды сауда үлесі артады
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

      Облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев YTO Express Group компаниясының басқарма төрағасы Йу Хуэймен кездесті. Жүздесу барысында электронды коммерция, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен жаңа инвестициялық жоба жайы талқыланды.

    Облыс әкімі алдымен YTO Express Group компаниясының басшы­сына аймақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық әлеуетін таныстырды.
    – Жалпы өнім көлемі 5 триллион теңгеге жеткен облысымыз ел көле­мінде бесінші орында тұр. Қаңтар-мамыр айларындағы қысқамерзімдік экономикалық көрсеткіш 107,9 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібі (88,5%) жағынан жетекші орыннан көрінудеміз. Ауыл шаруашылығы, байланыс қызметі, көлік, құрылыс салаларында және сауда-саттық секторында да айтарлықтай зор әлеуетке иеміз. Облыс аумағында 7 индустриялық аймақ құрылған. Оған қызығушылық танытып отырған шетелдік инвесторлар аз емес. Біз өңір экономикасына серпін беретін инвестициялық жобаларға қашанда қолдау білдіреміз. Биыл 446,7 миллиард теңгені құрайтын 58 жобаны жүзеге асыруды көздеп отырмыз, – деді Марат Елеусізұлы.
    Кездесуде YTO Express Group компаниясының басқарма төрағасы Йу Хуэй Дзяо аймақ басшысына компанияның Қазақстандағы негізгі жобалары туралы баяндады. Атап айтқанда, кәсіпорын еліміздің бірқатар өңірінде «А» санатына жататын жоғары технологиялық мультимодальды орталықтар салуды жоспарлап отыр. Мұндай инфрақұрылым тауарды жедел өңдеп, оны Еуропа одағы, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия елдеріне шығаруға оңтайлы жағдай жасайды.
    – Біз ширек ғасырға жуық уақыт арасында қытайдағы ең ірі логистикалық операторларының біріне айналдық. Бүгінде әлемнің 50-ден астам елінде компаниямыздың филиалдары бар. 140-тан астам мемлекетпен іскерлік бай­ланыс орнаттық. Өткен жылы Алматы қаласында Орталық Азиядағы бас кеңсеміз ашылды. Біздің бастамамызға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірді. Сол негізде «Қазпошта» акционерлік қоғамы мен компаниямыз арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнады. Алматы облысы – зор экономикалық және логистикалық әлеуетке ие аймақ. Сондықтан жоғары технологиялық мультимодальды орталықтардың бірін осы облысқа салуды көздеп отырмыз, – деді YTO Express Group компаниясының басшысы.
    Кездесуде қос тарап жобаның кедергісіз жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін екі ел арасындағы бірлескен іс-қимыл жоспарының маңыздылығын айтты. Аталған ынтымақтастық Қытай мен Қазақстанның экономикалық байланысын нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар аймақты ілгерілету және халықаралық электронды сауданы дамытуға ықпал етеді деп болжануда. Жалпы еліміз 2030 жылға қарай электронды сауда үлесін сауда-саттық нарығының 20 пайызына дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Қонаевта «Бауырсақ party» өтті

    Қонаевта «Бауырсақ party» өтті

    1 year ago
    “Сақ стилі” – теңгенің жаңа сериясы

    “Сақ стилі” – теңгенің жаңа сериясы

    1 year ago
    Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына 2 трлн теңге тартылады

    Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына 2 трлн теңге тартылады

    2 years ago
    Ептілік пен мергендік талап етілетін спорт

    Ептілік пен мергендік талап етілетін спорт

    5 months ago
    Ұлттық басылым күні белгіленді

    Ұлттық басылым күні белгіленді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>