16 шілде күні сағат 15:58-де Кеген ауданы, Ақсай ауылының маңындағы таулы аймақта нөсер жауыннан ағынды су пайда болды. Сондай-ақ, ағын судан 2 жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалары жұмылдырылды.
Оқиға орнына 17 қызметкер жедел түрде бард, оның ішінде ТЖД (5 адам және 2 техника), ПД (7 адам және 4 техника), әкімдіктен (3 адам және 2 техника), сондай-ақ Қазавтожол (2 адам және 2 техника).
Сағат 17:00-де жаңбыр тоқтап, су деңгейі түсті. ҚазАвтоЖол мекемесі жолды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көліктер қалыпты режимде жүріп жатыр.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.