Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық аякциясы негізінде алдын алу шарасы жүргізілді. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Александр Пархоменка айтты.
22-28 шілде күндері өрттің алдын алу мақсатында өңірдегі сауда нүктелеріне тексеріс жүргізілді. Акция аясында 728 кәсіп иелеріне ақпараттық түсіндіру шараларына тартылды. Сондай-ақ Алматы облысының ірі сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде 4 өртке қарсы оқу-жаттығу өткізілді.
Баспасөз-мәслихаты барысында спикер сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау аса қажет екенін еске салды. «Өрт сөндіру құралдары әр нысанда болуы керек. Істен шыққан электр сымдарын пайдаланбаған абзал. Эвакуацияға арналған қосалқы есік болуы тиіс», – деді спикер.
Айта кетейік, облыста барлығы 68 ірі сауда кәсіпорны орналасқан, оның ішінде 2 сауда-ойын-сауық орталығы, 49 сауда үйі және 17 әмбебап базар бар.