-13 °c
Qonaev
Tuesday, September 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АЭС-тің артықшылығы басым – ядролық физика маманы

    31.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Қауіпсіздік, Энергетика
    АЭС-тің артықшылығы басым – ядролық физика маманы
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Биыл күзде Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл елде АЭС-ке қатысты азаматтардың ұстанымы бір жерден шықпай тұрғандықтан өткізілмек. Осыған байланысты ҚР Энергетика министрлігі Ядролық физика институтының ядролық физика бөлімінің бастығы Тимур Жолдыбаев елде атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты пікірін білдірді. 

    “Жыл соңына дейін Қазақстанда АЭС салу туралы референдум өткізу жоспарланып отыр. Айта кету керек, Қазақстанда энергетикалық атом электр станциясын салу жобасы жаңалық емес. АЭС салуға қатысты алғашқы әрекеттер 90-жылдары жасалды, бірақ халық қолдамады. Мұның себептері түсінікті – Қазақстан ұзақ жылдар бойы ядролық қаруды сынау алаңы ретінде пайдаланылды. Бұл орасан зор аумақтың экологиясына теріс әсер етті. Қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Полигон жабылды, оның аумағы зерттеліп, радиациялық қауіптілік дәрежесі бойынша аймақтарға бөлінді. Нәтижесінде полигон жерлерінің едәуір бөлігі халықтың қажетіне беруге дайындалуда”, – дейді Тимур Қадыржанұлы. Оның айтуынша, бүгінде әлемде АЭС технологиялық тұрғыдан қауіпсіз энергия көзіне айналып келеді. 

    “Қазіргі атом станцияларының қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай жақсарды және технологиялық апат туындау қаупі жоқ деуге болады. Сонымен қатар, атом энергиясын өндіру экологиялық тұрғыдан ең таза болып қала береді. Қазіргі уақытта АЭС-та өндірілген электр энергиясы ЕО, Қытай, Ресей елдерінде жасыл энергия санатында. Айта кету керек, Қазақстан ядролық реакторларды пайдалану тәжірибесі бар ел. Ұзақ жылдар бойы Шевченко қаласында (қазіргі Ақтау) БН–350 тұщыландырғыш реакторы жұмыс істеді, оның жабылуы саяси шешім болды. Ядролық физика институты мен Ұлттық ядролық орталықтың алаңдарында үш зерттеу реакторы табысты жұмыс істейді, бұл Қазақстанға ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласында барлық қажетті құзыреттері бар ел болуға мүмкіндік береді. Уран өндірілетін және атом станциялары үшін ядролық отын өндірілетін “Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық компаниясының кәсіпорындары жұмыс істейтінін айтпай кетуге болмайды. Бізде қажетті кадрларды даярлауға болатын өндірістік алаңдар бар. Өз басым, АЭС салудың кемшіліктерінен гөрі артықшылығы басым деп білемін”, – дейді Тимур Жолдыбаев.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында тексеруден соң газ бағасы арзандады

    Алматы облысында тексеруден соң газ бағасы арзандады

    2 years ago
    Инвестиция  –  ел игілігі

    Инвестиция – ел игілігі

    1 year ago
    Елді дамытуға энергия қажет

    Елді дамытуға энергия қажет

    12 months ago
    Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылды

    Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылды

    2 years ago
    Астана халықаралық құрылыс диалогының орталығына айналады: Кавказ және Орта Азия елдерінің құрылыс форумы саланың көшбасшыларын жинайды

    Астана халықаралық құрылыс диалогының орталығына айналады: Кавказ және Орта Азия елдерінің құрылыс форумы саланың көшбасшыларын жинайды

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>