Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 159 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 сәуірде № 6116-05 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
- Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы “Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы” № 617 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4987 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- “Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы” мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі М. Султангазиев