-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бәрі де балалар үшін

    19.07.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Бәрі де балалар үшін
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Оқу жылы аяқталғанымен, үш айлық демалыста білім мекемелерінің есігі жабылмайды. Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылындағы С.Оспанов атындағы орта мектебінде де жазғы сауықтыру лагері жұмыс істеуде.

    «Болашақ» лагері белгіленген жоспарға сәйкес 9 маусым мен 19 шілде аралығында 1-ші кезең бойынша жұмысын жүргізуде.  Тәрбиешілер мен ұстаздар онда келген әрбір оқушыны жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, демалысын тиімді пайдалана білуге үйретуді мақсат еткен.

    – Мұнда балалардың жазғы демалысын неғұрлым қызықты әрі мағыналы өткізуге қажетті жағдайлар жасалған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімін арттыруға ықпал етеміз. Лагерьге балалардың уақытымен және толық қатысуы қадағаланып, әр күнді бағдарлама бойынша барынша ұйымдасқан түрде өткізуге баса назар аударылады, –  дейді мектеп директоры Қарлығаш Алғожақызы.

    Балалар ойын алаңында ертеңгілік дене жаттығуларын жасап, қимыл-қозғалыс ойындарына қатысады. Саяхат және жорық кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бір сәтке назардан тыс қалдырмауға ерекше мән берілген. Далалық жағдайда бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізілді. Шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында сурет, қолөнер байқаулары мен көрме ұйымдастырылды. Ұлттық, логикалық және спорттық ойындарға балалар қызыға қатысады.

    Бұл кезеңде алдымен «Демаламыз, күлеміз. Көңілді жазды сүйеміз» атты танысу мерекесі өтті. «Сен дәстүрді білесің бе?» викториналық сұрақтар байқауы, «Отанымның тарихы – менің тарихым»  зияткерлік сайысы,  шар ойыны сияқты шараларға қатысты.   «Менің болашақ мамандығым» психологиялық сағатында пікір алмасып, «Болашақта кім болғым келеді?» деген тақырыпта сурет салды. Бала тәрбиесі туралы киноны тамашалап, соңынан оны өзара талқылады. Сондай-ақ дене және ой жылдамдығын анықтайтын сұрақ-жауап және спорттық жарыстар өте қызықты өтті.

    Мектеп жанындағы жазғы демалыс және сауықтыру лагері үш кезеңмен жұмыс істейді. Алдағы екі кезең де мәнді, мағыналы өткізілмек.

    Серік Сатыбалдиев,

    Ынтымақ ауылы,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алуды жөн көреді

    Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алуды жөн көреді

    1 year ago
    Мемлекеттік тіл

    Мемлекеттік қызметке үміткерлерден қазақ тілін білу талап етілуі мүмкін

    2 years ago
    Тұрмыстық зорлық-зомбылық шаралары күшейтіледі – Президент

    Отбасы-тұрмыстық жанжал азаймай тұр – ПД

    12 months ago
    Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

    Балқаш ауданында екі ауыл табиғи газға қосылды

    1 year ago
    ЖАСТАР ЖОЛЫҒЫМЫЗДЫ ЖАЛҒАСА…

    ЖАСТАР ЖОЛЫҒЫМЫЗДЫ ЖАЛҒАСА…

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>