-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Бау-бақшасы жайнаған

    30.07.2024
    in Ауыл тынысы, Барлық жаңалықтар
    Бау-бақшасы жайнаған
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Кегенде картоптан басқа өнім өспейді деген ұғымды бағбаншы Берік Исаев пен Бейбітгүл Оспанова жоққа шығарды. Олай дейтініміз, Кеген ауылының тұрғындары Берік пен Бейбітгүл тұрғын үй жанына шағын бау-бақша егіп, әртүрлі жеміс ағаштарын, алма, өрік, лимон, тау қарақаты мен құлпынай өсіріп, жемісін көруде. Ауладағы шағын жылыжай жанында сан түрлі гүлдің исі жұпар шашып,  ауласына көрік беріп тұрғанын да байқадық. Түймедақ, раушан, нарғызгүл, бақытгүл, астра кезең-кезеңімен  гүл атып, көрген жанға қуаныш сыйлауда.

    Бау-бақшаны ермек еткен ерлі-зайыптылар ерте қимылдап, кеш жататынын жасырмады. Ағаш, гүлдерді күтіп-баптау олар үшін жан рахатын сыйлайтын іс. Әрине, ол оңай шаруа емес. Бірақ, шын беріле, жан-тәнімен істеген іс қашанда нәтиже берері анық.

    Бұл кәсіппен айналысуына Беріктің зейнетке ерте шығуы себеп болған. Ол кезінде Кеген аудандық ІІБ-нің күзет бөлімінде патрульдік полиция тобының инспекторы қызметін атқарды. Мамандығын сүйе білген полицей  қызметте тек өнегелі істерімен көрінді. Ерлік жасаған сәттері де болды. Соның нәтижесінде «Ерен ерлігі үшін» медалін кеудесіне жарқырата тақты. Бүгінгі таңда сол бейнетінің зейнетін көріп,  «полиция ардагері» атанып отыр.  Ал зайыбы Бейбітгүл Оспанова – Кеген аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы. Бір мекемеде отыз жылдан аса еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған, ұжымында ерекше құрметке бөленген қызметкер деуге болады. Мемлекеттік жұмысты қатар ала жүріп, бау-бақшамен айналысуға уақыт  табатын Бейбіткүл де өте еңбекқор  әрі агрономия саласын бір кісідей жетік білетін жан.

    Беріктің сөзіне қарағанда, биылғы ылғалдың артық мөлшерде түсуіне орай жеміс ағаштары жылдағыдан көп өнім беруде. Бағбаншы жерге түскен әрбір дән ырыздық екенін алға тартады. Біз де өнегелі отбасының  ісі алға баса беруін тіледік.

    Нұрболат Тастанқұлов,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Облыс әкімі ардагерлерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

    Облыс әкімі ардагерлерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

    1 week ago
    Әділеттің үстемдігі жолында

    Әділеттің үстемдігі жолында

    3 weeks ago
    ҚҚС: Нақты жағдай ескерілуге тиіс

    ҚҚС: Нақты жағдай ескерілуге тиіс

    3 months ago
    Талғар ауданында 250-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда

    Талғар ауданында 250-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда

    5 months ago
    Көршілерімізді арзан дизельмен “асырап” келеміз

    Жағдай жақсарады деген үмітіміз бар

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.