-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Еңбек министрі Алматы облысының активімен кездесті

    10.07.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Еңбек министрі Алматы облысының активімен кездесті
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    ҚР Еңбек және халықты әлеуеттік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру барысы туралы айтып, әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктерін көрсетті.  

    Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, облыстық мәслихат өкілдері, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары және тағы басқалар қатысты.

    Сөз басында Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларының іске асырылуы туралы баяндады. Атап айтқанда, базалық зейнетақының кезең-кезеңімен ұлғаюы, ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыстың көбеюі, Әлеуметтік кодексті іске асыру аясында әлеуметтік қолдау шараларының күшеюі, Отбасының цифрлық картасын енгізу нәтижелері, қазақстандықтарды жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

    Сондай-ақ, министр ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі, 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының, 2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту, 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамалары туралы айтты.

    Бұдан басқа, Еңбек министрлігі басшысы ұзақ уақыт бойы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдарды әлеуметтік қорғауды күшейту, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және платформалық жұмыспен қамтуды реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

    Кездесу барысында Светлана Жақыпова өңірдегі ағымдағы жағдайды талқылап, бірқатар проблемаларды шешу жолдарын ұсынды.

    Мәселен, Алматы облысының халық саны 1,5 млн адамды құрайды, оның 16 пайызы (246 мың) – қалада, 84 пайызы (1,3 млн) – ауылды жерде тұрады. 2050 жылға қарай халық саны 61% – ға артып, 2,4 млн адамға жетеді.

    Жұмыс күшінің саны – 751 мың адам, 2050 жылға қарай 1,1 млн (+44%) дейін өседі. Бүгінгі таңда жалдамалы жұмыскерлердің үлесі 68 пайыз, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі – 32 пайызды құрайды. Жұмысқа жарамды жастар саны 400 мың адам (56 пайыз).

    Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрайды. Өңірдегі орташа жалақы – 227,4 мың теңге, бұл жалпы республикалық көрсеткіштен төмен.

    «Өңірде акушер-гинекологтардың, неонатологтардың, педиатрлар мен анестезиолог-реаниматологтардың тапшылығы байқалады. Сондай-ақ ауылдық округтер мамандарының компьютерлік сауаттылығының деңгейі төмен.

    Мемлекет шығындары 164,3 млрд теңгені құрайтын ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде жыл басынан бері республика бойынша 2,4 мың жұмыс орны немесе оның жалпы санының 4% ғана құрылды», – деп атап өтті министр.

    ЕХӘҚМ басшысы медициналық мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды ұлғайтуды және онлайн-оқыту арқылы қызметкерлердің компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруды ұсынды.

    «Жыл сайын құрылатын сапалы жұмыс орындарының санын 2024 жылғы 98 мыңнан 2029 жылы 160 мыңға дейін ұлғайту қажет. 2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,5 пайызға дейін төмендетуді, экономикадағы орта кәсіпкерлік үлесін 21,1 пайызға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету. Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қолдаудың барлық құралдарын қолдану қажет», – деп атап өтті ол.

    Алматы облысының активімен кездесуде Светлана Жақыпова әлеуметтік-еңбек саласының бірнеше ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктерін көрсетті. Министр отырысқа қатысушыларды Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасымен және еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету салаларында мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Кәсіпорындардың цифрлық картасымен толыққанды таныстырды. Қазақстандықтардың әл-ауқат деңгейін анықтаудың және проактивті форматта мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің негізгі құралы ретінде Отбасының цифрлық картасына және халықты жұмыспен қамту саласында қызметтер мен мүмкіндіктердің кең спектрін ұсынатын Электрондық еңбек биржасына ерекше назар аударылды.

    Ұсынымдар

    Бір шаңырақ астында

    Бір шаңырақ астында

    1 year ago
    Рұқсат етілмеген орында сауда жасағандарға айыппұл салынды

    Рұқсат етілмеген орында сауда жасағандарға айыппұл салынды

    12 months ago
    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК

    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК

    4 months ago
    Мен қазақша сөйлеймін!

    Мен қазақша сөйлеймін!

    1 year ago
    Кітап – білім кілті

    Кітап – білім кілті

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>