-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіптің көзін тапқан

    31.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Кәсіптің көзін тапқан
    0
    SHARES
    27
    VIEWS

    Талғар ауданы Жаңалық ауылының тұрғыны Гүлнұр Солтанова  өзінің шағын кәсібін ашқанына көп уақыт бола қойған жоқ. Әйтсе де су жаңа кондитерлік цехты іске қосқан оның басты мақсаты – ауыл халқын өз қолымен дайындайтын тәттілермен қуанту.

    Осы ауылда туып-өскен Гүлнұрды бала кезінен анасы еңбекке баулып, шай дастарқанына қойылатын тәттілерді пісіруді үйретті. Педагогикалық білім алып, мамандық иесі атанса да кішкентай кезінен үйреніп, өзі ойлап тақпан рецептермен әртүрлі тағам пісіру сүйікті ісі болғандықтан, ол әрқашан осы бағытта өз кәсібін ашуды армандайтын. Еңбек жолын 2012 жылы Дәулет ауылындағы №11 мектепте бастаған Гүлнұр  қазір тұрмысқа шығып, төрт бала тәрбиелеп отырған ана. Алғашқы кезде бастауыш сыныптың мұғалімі болып істегенімен, ол сүйікті ісінен ешқашан қол үзген емес. Жұбайы әскери қызметкер болған соң,  олардың тағдырына кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұруды жазыпты. Бірде жолдасының қызметіне байланысты Оңтүстік әскери округке ауысып, Сарығаш ауданында тұруға тура келеді. Сол кезде өзі жүктілік демалысында болса да үйінде қол қусырып, босқа отырмай аспаздық өнердің әліппесін қайта оқып, отбасында әртүрлі тағамдар мен тәттілер дайындайды.

     – Инстаграм желісі арқылы Астана қаласындағы фудблогерлердің жұмысын бақылып отырдым. Ресейлік шеф-кондитер Ренат Агзамовтың «Үздік кондитер» хабарларын үзбей көрдім. Бір жағы солардың әсері, екінші жағынан сүйікті ісімді жалғастырғым келгені болар, менің де үйде қарап отырмай, қосымша табыс тапқым келді. Ең алғашқы тапсырыстарым күйеуімнің әріптестерінен түсті. Жолдасым бұл істе маған жан-жақты көмек көрсетті. Осылай төрт жыл бойы үй кондитері болдым және әрқашан өзімнің кішкентай кондитерлік үйім болғанын армандадым, – дейді Гүлнұр.

    Отбасылық жағдайға байланысты Гүлнұр 2022 жылдың күзінде үйелмелі-сүйелмелі төрт баласымен туған ауылына көшіп барады.  Құндақтағы емізулі баласы бар келіншекке қайдан жұмыс табыла қойсын, осы кезде кішкентайынан үйренген аспаздық өнері алдынан шығады. Балаларына қарай жүріп, ол тағы да үйінде отырып әртүрлі тағамдар мен тәттілер пісіруді жалғастыра береді. Туған ауылында өз кәсібін ашу туралы ежелгі арманын іске асыруды да бір сәт ұмытпайды.  Сөйтіп, ыңғайлы орын тауып, алдымен шағын азпаздық дүкенін ашады. Бұл істе оған анасы, ағасы мен әпкесі қол ұшын созады.  Сол сәтте оның қолында тек қарапайым араластырғыш және электр пеші ғана болады. Осылай бірнеше ай жұмыс істеген ол өнімдерін өз ауылы мен көрші ауылдардағы желі топтарында жариялап, тіпті тұрақты сатып алушылар легі қалыптасады.

    – Арадан көп уақыт өтпей, желтоқсан айында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға өтінім қабылданып жатқанын естідім. Сөйтіп, несі бар, бабаларымыз «Талпынған жетер мұратқа» деп бекер айтпаған шығар, мен де талпынып көрейін деп өзімнің бизнес-жоспарымды жасап, өтінім бердім. Бұл грантты алуға облыс бойынша  80 адам өтініш түсіріпті,  солардан тек 10 адамға ғана қаржы беріледі екен. Ақпан айында маған облыс әкімдігінен хабарласып, 3 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант алуыммен құттықтады. Ал мен әртүрлі торттар мен басқа да аспаздық тағамдар дайындап жүріп, грант жайында ұмытып та кеткен екенмін. Алғаш естіген кезімде аң-таң қалдым. 9 ақпан күні мені қайтарымсыз грантты тапсыру салтанатына шақырды. Сол күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым маған 3 миллион теңгенің сертификатын тапсырды. Мемлекеттік қолдау және осы бағдарламаның  арқасында ұтып алған қаржыға аспаздық кәсіпті дамытуға қажет әйнекті тоңазытқыш, кәсіби пеш шкафтары, ас үй комбайны сияқты құрал-жабдықтар сатып алдық. Сөйтіп, бұрын бұл кәсіби құралдарсыз күніне 5-6 торт пісіретін болсақ, енді, міне, одан үш-төрт есе көп торт, басқа да тәттілер пісіретін жағдайға жеттік. Бұл грант менің шағын ғана кәсібімді кәдімгідей дамытуға көп көмегін тигізді. Менің бизнес-идеямды қолдаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке алғысым шексіз, – дейді бұрынғы педагог, қазіргі кәсіби кондитер Гүлнұр Оразбайқызы.

    Шынында да еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған Гүлнұр Солтанова бүгін «cake by SOLTANOVA» кондитер цехының негізін қалаушы. Бұл жерде қазір түрлі торт, бәліштер сияқты тіл үйіретін тәттілер пісіріледі. Осылай өз өнімдерімен тұтынушыларын қуантып отырған шағын кәсіп оған үлкен абырой мен табыс әкелді.

    Құтмағамбет Қонысбай,

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Соғыстың соңғы сарбаздары

    Соғыстың соңғы сарбаздары

    4 weeks ago
    Президент Алматы облысының әкімін қабылдады

    Президент Алматы облысының әкімін қабылдады

    12 months ago
    Дала қыраны

    Дала қыраны

    11 months ago
    Салық қызметкерлері марапатталды

    Салық қызметкерлері марапатталды

    2 years ago
    Қонаев қаласында жағажайдағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

    Қонаев қаласында жағажайдағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.