⛅
12°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қазан 29, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Келешегі кемел

    27.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Туризм және саяхат
    Келешегі кемел
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

             Қапшағай қаласы 2022 жылы салынуына бастамашы болып, іргетасын өз қолымен қалаған мемлекет және қоғам қайраткері ­Дінмұхамед Қонаевтың атымен аталғаны баршаға мәлім. Аталып қана қоймай, Алматы облысының орталығы болды. Бұл – қала тұрғындары үшін зор қуаныш әрі мақтаныш.

    Облыс орталығы мәртебесін иеленгеніне екі жылдың ғана жүзі болғанымен, қаланың ажары айшықталып, күн өткен сайын көркіне көрік қосылып келеді. Орталық саябақ күрделі жөндеуден өтті. Еліміз бойынша ең үлкен скейтпарк, Даму орталығы, қазақ мектеп-лицейі ашылды. 12 қабатты тұрғын үй және тағы басқа әлеуметтік нысандар мен ­«Алматы-Өскемен» күрежолының бойынан ашылған әскери техникалар тарихынан сыр шертетін ретро-музей ел игілігіне берілді.
    Сейфуллин көшесі кеңейтіліп, абаттандыру жұмысы жүргізілуде. Қала мен Арна ауылының ортасын жалғайтын автомобиль жолының құрылысы басталды. Алдағы уақытта басқа көшелер де кезең-кезеңмен күрделі жөндеуден өтіп, абаттандырылмақ. Бірқатар көшені кеңейту жоспарлануда.
    Жаңадан пайдалануға берілген жағажайда демалушыларға барлық жағдай жасалған. Келесі жылы 15 гектар аумақта уақыт талабына сай құрамына қонақ- үйлер, пирс, субұрқақтар шоуы, аквапарк, аттракциондар, сауда орындары кіретін, бір маусымда 3 млн адам қабылдауға мүмкіндігі бар жағажай кешені іске қосылмақ. Кешеннің іргетасын қалау рәсіміне қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мұның қуанышты жағдай екенін айтты.
    Келешекте қаланың Бас жоспарына сәйкес, облыстық әкімдік пен басқармаларға арналған ғимараттар салынып, көптеген әлеуметтік нысан мен тұрғын үйлер бой көтермек.
    Өз басым халқымыздың біртуар перзентінің есімін еншілеген осы қаланың тұрғыны болғанымды мақтан тұтамын. Қаланың келешегінің кемел, болашағының жарқын болатынына сенімім кәміл.

    Жәнел ЖҰМАНОВА

    Ұсынымдар

    Алматы облысында қар басуы ықтимал 12 учаске бар

    Алматы облысында қар басуы ықтимал 12 учаске бар

    2 years ago
    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

    9 months ago
    Талғар ауданында инвестиция 124,6 млрд теңгеге жетті

    Талғар ауданында инвестиция 124,6 млрд теңгеге жетті

    9 months ago
    Ақпарат айдынында – «Qonaev Media»

    Ақпарат айдынында – «Qonaev Media»

    4 months ago

    Ауылшаруашылығындағы ауқымды жұмыс

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>